Тәжік-қырғыз шекарасында тағы атыс болды
27 қаңтарда кешкі уақытта қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай күрт нашарлады.Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, бейсенбіде сағат 17:30 - дан 18:00-ге дейін Тәжікстан шекарашылары Баткен ауданы Төрт-Кочо елді мекеніндегі Баткен-Исфан автожолының бөлігіндегі жол учаскесін біржақты тәртіппен жауып тастаған.
"Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекара өкілдері арасында жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша жол учаскесі қайта ашылды. Алайда, сағат 19:35-те Тәжікстан тарапы Баткен ауданының Чыр-Добо елді мекеніндегі шекара бөлімшелері бойынша қару қолдануға байланысты жағдай нашарлады", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Қырғызстан мен Тәжікстан шекара әскерлерінің бөлімшелері арасындағы негізгі атыс Төрт-Кочо және Чыр-Добо елді мекендерінде өтіп жатқаны айтылады. "Тәжік тарапы минометтер мен гранатометтерді пайдаланып жатыр", - деп атап өтті ведомстводағылар.
Шекарадағы атысқа байланысты Қырғызстан ұрыс маңына жақын бірнеше ауыл халқын эвакуациялады. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанған, ал түндегі атысты 7 қырғызстандық және 12 тәжікстандық жарақат алған. Қаза тапқандар да бар.
Abai.kz