«Nur Otan» партиясының төрағасы - Тоқаев
28-қаңтар күні «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі жұмысын бастады, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып жатыр.
Съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуда. Бүгінгі съезде партияның Төрағасын сайлау, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқылануда.
Съезд барысында Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.
Президент сөз алып: «Nur Otan» партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін - деді.
Abai.kz