Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 4289 88 пікір 28 Қаңтар, 2022 сағат 16:01

Тоқаев партиядан кете ме?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясына одан ары төрағалық етудің орындылығы туралы мәселе кейінірек талқыланатынын мәлімдеді.

"Еліміз дамудың өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсіне отырып, мен Nur Otan партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды топтастыру жөніндегі жұмысқа кірісуге дайын екенінен туындады", - деді Тоқаев Nur Otan съезінде.

Тоқаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы ретінде ол ашық және әділ саяси бәсекелестіктің кепілі болады.

"Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету.

Бұл жағдайлар, әрине, Президенттің кез келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақтауын білдіреді. Сондықтан, біраз уақыттан кейін, мүмкін жыл аяғына қарай, менің Nur Otan-ға одан ары төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта ораламыз. Мемлекет басшысының теңдессіз мәртебесін саяси реформалардың ауқымды пакетінде түпкілікті бекіту қажет", - деп қосты Президент. Осылайша жыл соңында тағы бір үлкен трансформация болуы мүмкін екенін түсінуге болады. Бәлкім президент партия төрағалығынан кетуі де мүмкін.

Сонымен қатар Тоқаев: "Саясатта ел мүддесіне берік болу айрықша маңызды. Мен Президент қызметінде және партия жұмысында дәл осы қағиданы ұстанамын. Біз Егемендіктің төртінші онжылдығына қадам бастық. Алдымызда жаңа міндеттер тұр. Бірлігіміз бекем болса, оның бәрін орындаймыз" - деді.

Abai.kz

88 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322