Президент сұхбаты: Орыс тілі әлемдік тіл ме еді?
Президенттің «Хабар» арнасына орыс тілінде сұхбат бергені туралы сұраққа оның баспасөз хатшысы Берік Уәли: «Аталған сұхбат әлемдік аудиторияға арналған. Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға әлемдік қоғамдастық қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан тақырыптың өзектілігін ескере отырып, сұхбаттың мейлінше кең таралуын көздедік», - деген жауап беріпті.
Қызық жауап! Бұл – әлемдік қауымдастық орыс тіліне көшті деген сөз бе, әлде Қазақстан Президенті әлемдегі тілдердің ішінде 2 ғана пайыз қолданушылары бар орыс тілінде сөйлеген сөзі «мейлінше кең таралады» деп есептейді ме екен.
Ең қызығы, Қ.Тоқаев мырза әлемдік қауымдастықтың тілі болып саналатын ағылшын тілін тамаша меңгерген адам, сондықтан, қажет болса, «әлемдік қоғамдастысққа» өзінің ойларын сол тілде де жеткізе алады. Қысқасы, Берік Уәли ініміз орыс тілін қорғаймын деп, әлемдік қауымдастықты ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Олар енді «сұхбаттарының кең таралуы» үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінен бастап, Еуроодаққа дейін орыс тілінде сөйлеуге көшетін сияқты. Ирония ғой. Одан да: «Бір сұхбатты орысша, екіншісін қазақша беретін болды», - десе жетіп жатыр еді. Президентіміздің өзінің мемлекеттік тілінде сұхбат бермегенін ақтап аламыз деп, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа жала жабуға болмайды ғой.
Дос Көшім
Abai.kz