Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4363 14 пікір 31 Қаңтар, 2022 сағат 14:34

Ерлан Қарин Президенттің «оң қолына» айналды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қариннің өкілеттігін өзгертті. Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы № 787 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік хатшы төмендегідей өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласында стратегиялық ұсыныстар әзірлейді.

2) Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда; халықаралық қатынастарда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оның мүддесін жеткізеді.

3) Әлеуметтік-гуманитарлық сала: білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі; Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның; мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның; Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның; Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық; Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Абай атындағы Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның; саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның; ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді.

4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, Қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын ұйымдастырады.

5) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

6) Қазақстан Республикасының тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жарлық қолданысқа енгізілді.

Ерлан Қарин қазіргі уақытта Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарады. Ол бұл қызметке 2022 жылдың 5 қаңтары күні тағайындалған. Бұған дейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі, сосын көмекшісі қызметтерін атқарған. Одан бөлек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315