Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4175 1 пікір 1 Ақпан, 2022 сағат 10:06

Ерлан Қошанов депутат болды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қошанов Ерлан Жақанұлы Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты. Abai.kz оқырман назарына тиісті құжаттың толық мәтінін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Ж. Қошановты тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 002PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін.

2. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308