Нығматулин кетті, Қошанов келді
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісіне Нұрлан Нығматулиннің өкілетігін тоқтату туралы ұсыныс енгізіп, ұсыныс қабылданған болатын. Нұрлан Нығматулин 2016 жылдан бері спикер қызметінде болды.
Жалпы Мәжілістің бұрынғы төрағасының қызмет жолы келесідей:
1985-1990 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы.
1990-1993 жылдары - Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.
1993-1995 жылдары – «Тенгри» қазақ-америкалық бірлескен кәсіпорынның президенті.
1995-1999 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.
1999-2002 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2002-2004 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.
2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2006-2009 жылдар аралығында - Қарағанды облысының әкімі.
2009-2012 жылдар аралығында – «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
2012 жылғы 20 қаңтар - 2014 жылғы 3 сәуір аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Nur Otan» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі.
2014 жылғы 3 сәуір - 2016 жылғы 21 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды.
2016 жылғы 22 маусымнан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды, «Nur Otan» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
2019 жылғы 22 тамызнан – «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.
2021 жылғы 14 қантардан – «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.
2021 жылғы 15 қантардан - жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды.
Нұрлан Нығматулиннің орнына келген Ерлан Қошанов бұған дейін Президент әкімшілігін басқарған болатын.
Ерлан Қошанов еңбек жолын «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ байыту фабрикасының слесарі, шебері болып бастаған. Артынша 1988-1990 жж. – ҚЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, 1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы, 1995 ж. – Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің төрағасы, 1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты, 1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет өкілі, 2001-2003 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет өкілі, 2003-2006 жж. – ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, 2006-2007 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы, 2007-2012 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі өкілі, 2012 жылдың 2 ақпанынан – 2017 жылдың 14 наурызына дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысы, 2017 жылдың 14 наурызынан – 2019 жылдың 18 қыркүйегіне дейін – Қарағанды облысының әкімі, 2019 жылдың 17 маусымында осы лауазымға қайта тағайындалды, 2019 жылдың 18 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарған.
Abai.kz