Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Билік 4316 4 пікір 1 Ақпан, 2022 сағат 22:11

"Қаңтар қасіреті". Ұсталғандар ішінде өзге елдің азаматтары бар ма?

Алматыда өткен баспасөз жиыны барысында Аманат қоғамдық комиссиясының төрағасы, адвокат Абзал Құспан ұсталғандар арасында өзге елдің азаматтары бар ма деген сұраққа жауап берді.

Алматыдағы оқиға бойынша ұсталғандар арасында өзге елдің азаматтары кездескен жоқ, бірақ шетелден келген қандастарымыз бар. Әсіресе Қытай елінен көшіп келген қандастарымыз көптеп кездесті. Олардың бір-екеуі қалған болу керек, біразын біз шығардық. Оның ішінде елге танымал дәстүрлі әнші Сейіт Сауатайды атап өтер едім. Бүгін тағы екі қандасымыз қамаудан шықты, – деді Абзал Құспан.

Бұған дейін ол қамауда әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар отырғанын айтқан болатын.

Айта кетсек, бір апта бұрын жұмысын бастаған Аманат комиссиясы осы аралықта 36 азаматты қамаудан шығарған еді. Олардың басым көпшілігі түрлі дене жарақатын алған азаматтар.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 684
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2689
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1738