Сенбі, 23 Қараша 2024
Апат 9165 0 пікір 3 Ақпан, 2022 сағат 13:51

Ресей Украинаға кірген сәтте, Мәскеу үшін апат басталады...

Олимпиада ойындары басталды. Ресми ашылу салтанаты ертең өтпек. Алайда әлем назары Бейжіңде емес, Украина мен Ресей шекарасында. Сарапшылар Ресей 2008-жылдың тәжірибесін қайталауы мүмкін дейді. 2008 жылы Қытайда жазғы олимпиада ойындары басталған күні Ресей әскері арандату әрекеттерін жасап, Грузияға шабуыл жасаған болатын. Бұл әлемдік қауымдастық назары олимпиада да болған сәтте жасалған қулық деп бағалады мамандар. Ресей дәл осы әрекетті араға 14 жыл салып қайталауы мүмкін деген де болжам бар. Алайда Қытай тарапы Олимпиада ойындары сәтінде Ресейге соғыс ашпау туралы өтініш жасапты-мыс деген де ақпараттар айтылуда. 

Канада Украинаны нақты қолдайтынын жеткізді. Канада Украина батысында орналастырылған жаттықтырушыларын Украинаның шығысына аттандырды.  Жаттықтырушылар арасында мергендерді үйрету тобы бар. Олар Украина жасақтарын үйрету үстінде.

Дүйсенбі күні Канаданың ұлттық қорғаныс министрі Анита Ананд алдағы таңда Украинаға тағы да 60 жаттықтырушы жіберетінін айтты. Бұл Unifier операциясының аясында іске аспақ. Канада тек қана жаттықтырушы жіберумен шектелмей, қорғаныш костюмдерін, дүрбі, атыс қарулары мен лазерлік өлшеу құралдарын да беретін болды. Көмек келер аптада Киевке жеткізілмек.

Канада  2015 жылдан бастап Unifier операциясының аясында Украинаның 30 мың жасағын дайындаған. Сонымен қатар Ұлттық гвардияның 2 мың арнайы жасағы дайындықтан өтті. Канада премьері Джастин Трюдо Украина әскерін үйретушілер саны 400 адамға дейін артуы мүмкін екенін де мәлімдеді. Аталмыш мәлімдемелерді Мәскеу "жауластық белгісі" деп санайтынын да жасырмайды.

Ұлыбритания да Украинаға барлық көмекті көрсететінін айтты. Ұлыбритания премьері Борис Джонсан осы аптада Жапонияға ресми сапармен баруы тиіс еді, алайда ол Токио сапарын кейінге қалдырып, Киевке келді. Джонсон Путинмен телефон арқылы сөйлеспей тұрып, алдымен Зеленскиймен кездесті. Ұлыбритания премьері Ресейдің әрекетін қатаң сынаушылардың бірі. Ол "орыс әскері Украина жеріне бір қадам жасаған сәтте Ресей үшін апатты жағдай басталып, сұмдық санкциялар енгізілетінін" айтты. Әрине, Лондон Киевке қарылай және қару түріндегі көмегін де аямайтынын жеткізді. Қазірдің өзінде NLAW танкке қарсы құрылғылары жеткізілуде.

Польша да Киев үшін күйіп-пісетінін айтты. Нақты айтқанда Киевке тікұшақты құлатуға қабілетті құрылғылар жеткізетінін мәлімдеді. Бұл Ресей үшін ең қауіпті, себебі Ресей әскері шабуыл жасаса, арнайы күштерін тікұшақтар арқылы Украина аумағына жеткізуі мүмкін деген болжамдар айтылуда.

АҚШ басшысы Байден Еуропаға 8 мың жасақ жіберуге бұйрық берді. Олар Шығыс Еуропа елдеріне орналастырылады. Сонымен қатар Вашингтон Балтық елдеріне де Украинаға қару беруге рұқсатын берді. Қазір АҚШ пен ЕО елдері жаңа газ көздерін іздестіру үстінде.

Ресей НАТО елдері Украинаға дәл осындай деңгейде көмек көрсетеді деп күтпесе керек. Қазіргі уақытта Ресей телеарналарының бағыты "басып кіремізден санкция әсері" деген тақырыпқа ауа бастады. Бұл ішкі аудиторияға арналғаны анық. Демек Путин қазірдің өзінде екі ай бұрынғыдай сенімді емес және оның қауіпсіздік кепілдігі туралы ультиматумы өзі ойлағандай іске аспады.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357