Сенбі, 23 Қараша 2024
2877 10 пікір 4 Ақпан, 2022 сағат 15:33

"Қазақстан халқына" қорына кімдер қанша аударды?

"Қазақстан халқына" қорының сайтында қайырымдылыққа қомақты сома аударғандар тізімі жарияланды.

Қор сайтында Қазақстан халқына көмектескісі келетіндер қор шотына қаражат аудара алатыны, ол халықтың игілігі үшін жобалар мен даму бағдарламаларын іске асыруға бағытталатыны айтылған.

Заңды тұлғалар арасында ең көп сома аударғандар:

Eurasian Resources Group (ERG) - 30 миллиард теңге;
"HALYK Қайырымдылық қоры" ЖҚ - 12 миллиард теңге;
Болат Өтемұратов қоры - 10 миллиард теңге;
Kaspi Bank - 7 миллиард теңге және "Kaspi дүкен" ЖШС - 3 миллиард теңге;
Altyntau Kokshetau - 6,47 миллиард теңге;
KAZ Minerals Aktogay - 6,2 миллиард теңге;
KAZ Minerals Bozshakol - 6,2 миллиард теңге;
"Қазмырыш" - 5,855 миллиард теңге;
Kazakhmys Smelting - 5 миллиард теңге;
"Шығыстүстімет" - 3,1 миллиард теңге;
"Қазақстан Халық жинақ банкі" - 3 миллиард теңге;
"КаР-Тел" ЖШС - 2 миллиард теңге.

Компаниялардан басқа қорға жеке тұлғалар да ақша аударды. Ең көп сома аударғандар:

Данияр Әбілғазин - 500 миллион теңге;
Яков Цхай - 500 миллион теңге;
Тимур Турлов - 500 миллион теңге;
Диас Сүлейменов - 450 миллион теңге;
Дінмұхамет Ыдырысов - 300 миллион теңге.

Бүгінгі күнге дейін "Қазақстан халқына" қорына 120 млрд теңге қаржы келіп түскен.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369