ДДСҰ: Омикронның жаңа түрі тарауда
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың бірнеше елінде омикрон штамының жаңа түрі табылғанын хабарлады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының африкалық аға вирусологы Никси Гумеде-Моэлетси "жасырын омикрон" деп аталатын омикрон штамының жаңа түрі Африканың 5 елінде тіркелгенін, оны қолданыстағы сынақтарды қолдану арқылы анықтау өте қиын екенін айтты.
"Омикронның BA.2 деп аталатын жаңа кіші түрі континенттің Ботсвана, Кения, Малави, Сенегал және Оңтүстік Африка секілді 5 елінде анықталды. Бұл бізді қатты алаңдатады", - деді вирусолог.
Ол қолда бар сынақтар коронавирустың жаңа штамын анықтай алмайтынын, соған байланысты ДДСҰ дүниежүзіндегі бірнеше зертханалармен жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.
Abai.kz