Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4795 17 пікір 7 Ақпан, 2022 сағат 16:54

Лондон санкциясы: 28 олигарх тізімде тұр

«Қасіретті қаңтар» оқиғасынан кейін мемлекетте түрлі саяси оқиғалар тізбегі болуда. Шенеуніктер мен әскери тұлғалар қамалуда, Үкімет ауысып, қала әкімдері жылы орындарын босатуда, ал Еуропа елдері Қазақстанды айыптап, «санкция саламызға» басып жатыр. 

Қысқасы былай. 3 ақпан күні Ұлыбритания парламенті Қазақстан мәселесін қарастыра бастады. Анығы, Жемқорлыққа батқан Қазақстан олигархтары жайлы сөз етті. Сөз соңын «санкция салу керек» деген ұйғарыммен аяқтады. Арнайы тізім де бар екен. Оған 28 олигарх еніпті, басым бөлігі Нұрсұлтан Назарбаев кезеңінде байлыққа кенелгендер екен. Енді оларды Лондон жемқорлықтың былығына батқандар деп отыр.

Арнайы баяндама жасалды. Баяндаманы лейбористік партия мүшесі Маргарет Ходж жасап, Ұлыбритания билігін айыптады. Ол «елін жеп, халқын тонап, байлығын жасыруға тырысқан қазақстандық олигархтарды британ билігі жасырды», - деді. Осылайша Ұлыбритания экономикалық қылмысқа жол беріп, абыройын төкті деп отыр.

Маргарет Ходж баяндамасында:  «Chatham House» жуырдағы есебінде қазақ элитасының Ұлыбританияда құны жарты миллиард фунттан астам тұратын жылжымайтын баспанасы бар екенін әшкереледі. 330 млн фунты – Назарбаевтың үлкен отбасына тиесілі. Олар иеленетін мүліктер арасында Саннингхил парк те бар. Оны Назарбаевтың күйеубаласы сұрап отырған құнынан 3 миллион фунтқа артық яғни 15 миллион фунтқа сатып алған болуы мүмкін деген дерек бар. Ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықты әшкерелеу жобасы Назарбаевтың Ұлыбританияда құны кемінде 7,8 миллиард доллар болатын төрт қайырымдылық қорды құпия басқаратынын әшкереледі. Бұл қаражат қонақ үйден бастап, банктерге дейінгі аралықта түрлі нысандарға салынған. Ғаламдық табыстың біраз бөлігі Ұлыбританияда тіркелген 2020 жылы құрылған «Jusan Technologies» тиесілі.

Біз шекарамызды, жылжымайтын мүлік нарығы мен қаржы құрылымдарының есігін Қазақстанның басқарушы билігіне айқара аштық. Оларға ақшаны заңсыз жымқырып, жұмсауына жол бердік. Одан да сорақысы – тіпті қазіргі заңдарымыз арқылы заңсыздықтарға төтеп бере алмадық», - деді.

Оның сөзінше Лондон 2008 және 2015 жылдар аралығында 205 қазақ клептократына алтын виза берген. Ходж Қазақстандағы клептократия туралы сөзінде келесі адамдардың аты-жөнін атады: Нұрсұлтан Назарбаев, Тимур Құлыбаев пен оның әйелі Динара Құлыбаева, Дариға Назарбаева, Қайрат Шәріпбаев, Нұрәлі Әлиев, Кәрім Мәсімов, Айгүл Нұриева, Владимир Ким, Камила Ким, Эдуард Огай, Кеңес Рақышев, Сауат Мыңбаев, Александр Машкевич, Патох Шодиев, Болат Өтемұратов, Болат Назарбаев, Ахметжан Есімов, Ғалымжан Есенов, Қайрат Боранбаев, Александр Клебанов пен ұлы Яков, Нұрлан Нығматулин, Бауыржан Байбек, Марат Бекетаев, Әлия Назарбаева, Айдан Кәрібжанов, Қайрат Сатыбалды, Самат Әбіш.

Қазақстандық шенеуніктер бірінші мәрте аталмыш айыптауларға лігіп отырған жоқ. Сарапшылар жылдар бойы мемлекеттен млрдтаған доллар шығарылып, офшорлық есепшоттарға жасырылғанын айтуда. Оның құны орта есеппен 180 млрд долларға дейін жетуі мүмкін. Ал мемлекеттің ішінде салық төлемеу мақсатында жасалған қылмыс деңгейі ел бюджетінің 40 пайызына теңестірілуде.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364