Жексенбі, 13 Қазан 2024
2382 13 пікір 8 Ақпан, 2022 сағат 13:26

Алмасадам Сәтқалиев: АЭС салу керек

"Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның оңтүстігінде атом электр станциясын салуды қазір бастау қажет екенін айтты.

Сәтқалиев желіге жаңа қуат көздерін қабылдау үшін ұлттық электр желісін жаңғырту негізгі жоба болуы керегін мәлімдеді.

"Электр энергиясын тұтыну мен өндірудің болжамды теңгерімі бойынша таяуда елдің оңтүстігінде ірі элекстр станциясын салу қажет. Жасыл күн тәртібіне сүйеніп, атом электр станциясын салу ең тиімді шешім болады", - деді Сәтқалиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Елімізде АЭС салу мәселесі 2021 жылдан бері талқыланып келеді. Болжам бойынша АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін.

Abai.kz

13 пікір