Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
2811 5 пікір 11 Ақпан, 2022 сағат 14:17

Тоқаев сапары: Ресей ЖОО филиалдары ашылады

Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин ұзақ келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасады. Қазақстан Президенті елімізде ең таңдаулы деген ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын айтты. 

Мемлекет басшысы Қазақстанда инженерлік-техникалық кадрларға деген сұранысты ескеріп, білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылғанын атап өтті.

"Келіссөздер барысында Владимир Владимировичке Ресей Федерациясының ең танымал университеттерінің, әсіресе техникалық университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашуға келісім бергені үшін алғысымды білдірдім. Олар Қазақстандағы білім беру саласына үлкен үлес қосады деп ойлаймын.

Қазақстанда баршаның аузында жүрген жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Бұл - Мәскеу инженерлік-физикалық институты, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті. Бұл білім саласындағы өзара қолдаудың өте салмақты ілгерілеуі деп есептеймін", - деді Қазақстан Президенті.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1529
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3149
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1145
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1059