Сенбі, 23 Қараша 2024
2182 0 пікір 14 Ақпан, 2022 сағат 15:19

Қаңтар оқиғасы: Қырғыз азаматтары туралы дәлел жоқ

Қазақстанда қырғызстандықтардың Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар екендігі туралы дәлелдер табылған жоқ, деп хабарлайды Қырғыз телеграф агенттігі.

"Прокурордың орынбасары Нұрлан Ауғанбаев әңгіме барысында Қырғызстан азаматтарының биылғы қаңтар айында ҚР – дағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деуге дәлелі жоқ екенін айтты", - деп хабарлады Қырғызстан омбудсмені аппаратының басшысы Аскат Азарбеков.

Ол Қырғызстан азаматтарының Қазақстанға еңбек етуге келетінін және оқиға орнына барғанның өзінде жай қызығушылықпен баруы мүмкін,-деп айтқан Ауғанбаев.

"Егер олар шын мәнінде қылмыс жасаса, біз өз азаматтарымызды ақтамаймыз. Бірақ олардың ҚР заңнамасын бұзуға тікелей кінәсі немесе қатысы болса, ол азаптау арқылы емес, заңды жолмен дәлелденуі тиіс", - деп атап өтті Азарбеков.

Бұған дейін хабарланғандай, қырғыз музыканты Викрам Рузахунов Алматыда тәртіпсіздікке қатысы бар деп тергеуге ілініп, кейін оның полиция тарапынан азапталған фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ тағы бір қырғыз азаматы Чолпонбек Сыдықов та тура осындай жағдайға ұшыраған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508