Сенбі, 23 Қараша 2024
3414 0 пікір 14 Ақпан, 2022 сағат 15:44

Қазақ-Қытай шекарасындағы дау: 8 іс қозғалды

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы тексеріс кезінде  үш апта ішінде сегіз қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан-Қытай шекарасында тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үш апта ішінде тауарларды заңсыз әкелу фактілері бойынша 8 қылмыстық және 24 әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде, тауарлар импорты көлемінің қысқаруына қарамастан, биылғы жылдың қаңтар айында бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы 20% - ға өсті (Т26,6 млрд-тан Т31,7 млрд-қа дейін)", - деп хабарлады Ақордада дүйсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановпен кездесуінің қорытындысы бойынша.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізіп, тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Президент хабарлағандай, шекарада сыбайлас жемқорлыққа жол бергендердің  жартысы кеденшілерге пара береді.  1 ақпанда "Достық" және "Алтынкөл" кеден бекеттерінің бастықтары Ерлан Өмірзақов пен Мәлік Шәуленов қызметінен босатылды. 10 ақпанда Мәжіліс депутаты Айдос Сарым тексерулер жүргізілгеннен кейін "Қорғастағы"заңсыз схемалардан соңғы бенефициарлардың аттарын атап өтуге уәде берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520