Жексенбі, 13 Қазан 2024
2581 0 пікір 15 Ақпан, 2022 сағат 15:34

Полигон үшін кім жауапты?

«Біз таза ауамен тыныстағымыз келеді»: Семейліктер ҚТҚ полигон мәселесін шешуді талап етуде. Бұл туралы Facebook желісінде бірнеше жазба жарияланған. Біз сол мәселені оқырман талқысына ұсынбақпыз. 


Семейде қоқыс мәселесі өзекті. Қала тұрғындары денсаулыққа зиян келтіретін улы қалдықтары бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының толып қалуынан зардап шегуде. Өткен жылдың желтоқсан айының соңында қала тұрғындарының бірі Семей прокурорына тиісті экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы өтініш жазды.

Өз мәлімдемесінде Семей тұрғыны  бронх демікпесінен зардап шегетінін және пульмонологтың қатаң қадағалауында екенін атап өтті. Тыныс алу ауруымен қатар, қоқыс полигоны да әсер етеді. Қалдықтар сұрыпталмай, біо үйіндіге айналып жағылады.

Бұл Семей тұрғындарының алғашқы наразылығы емес. Сонымен қатар, үйлері полигонға жақын орналасқан адамдар ғана емес, аулаларда үнемі толып жатқан қоқыс контейнерлерінен зардап шегетіндер де көмекке жүгінеді. Семей  қаласы қоқысқа көміліп жатқанда кәсіпорын басшылығы қалалық мәслихаттың экс-депутаты Рафаэль Хазипов қала тұрғындарының өтініштеріне мүлде жауап бермейді.

Полигонның ескіргені анық. Бұдан басқа, ол әуежайға тікелей жақын орналасқан. Ал, бұл ҚР Экологиялық кодексін тікелей бұзу болып табылады. Қазір бұл қауіпті қоқыс полигоны. Өйткені соңғы рет өрт 4 күн ішінде сөндіріле алмады. Мәселені экологиялық стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін жаңа полигон салу арқылы шешуге болады. Бірақ бұл қазіргі басшылыққа тиімсіз. Себебі,  бұл Хазипов мырзаның «қоқыс» империясының аяқталғанын білдіреді. Әзірге адамдар әлеуметтік желілерге тек қоқыс жәшіктері толған фотосуреттерді салуға ғана қауқарлы.

Ескерту: Abai.kz еркін ақпарат алаңы. Ой жарыстырып, пікір таластыруға Қазақстанның кез келген азаматы құқылы. Алдағы уақытта материалда есім-сойы аталған жекелеген азаматтар редакциямызға жауап беруге ниетті болса, олардың да пікірін порталда жариялайтынымызды ескертеміз.

Abai.kz

0 пікір