Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
Билік 2139 0 пікір 17 Ақпан, 2022 сағат 13:42

Cенатор: Жаңаөзенде жұмыссыздық артуда

Жаңаөзенде халық саны артқаннан кейін жұмыссыздық деңгейі өсті. Сенатор Сүйіндік Алдашев 30 жылда Жаңаөзен қаласының тұрғындары 60 мың адамнан 160 мың адамнан асқанын және жыл сайын 3500 адамға өсіп отырғанын атады.

Бұған қоса, кен орнында жылына 5,3-5,5 млн тонна мұнай өндіріледі. Мамандардың мәліметтері бойынша, алуға болатын мұнай қоры шамамен 150 млн тоннаны құрайды. Бұл қор 30-35 жылға есептелген. Депутаттың пікірінше, бұл уақытты барынша тиімді пайдалану керек. Өйткені Жаңаөзен моноқала ретінде өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай отыр. Депутат осыған байланысты аталған мәселенің бірқатар шешімдерін ұсынды.

"Кенорынға қажет құрал жабдықтардың, материалдардың тізімін жасап, қайсыбірін жергілікті шағын, орта кәсіпкерлеріне тікелей тапсырыспен көпжылдық мерзімге беру керек. Қала аумағына «Ерекше аумақ» статусын беру мүмкіндігін қарастыру, қажет болса «ӨзенМұнайГаз» АҚ жарғысына өзгеріс енгізуді қарастыру керек", - дейді ол.

Abai.kz

0 пікір