Жексенбі, 13 Қазан 2024
1790 0 пікір 17 Ақпан, 2022 сағат 15:15

Қазақстан халқы 248 мың адамға артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдегі халық саны 19125,6 мың адамды құраса, бір жылда 248,5 мың адамға өсті. Бұл тіралы Zakon.kzке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қала халқы 11355,8 мың (59,4%) адам, ауыл халқы 7769,8 мың (40,6%) адам. 2021 жылға республика халқының өсімі 2020 жылмен салыстырғанда (263,0 мың адам) 1,6%-ға артып, 267,3 мың адамды құрады. 1000 халыққа шаққандағы өсімнің жалпы коэффициенті 13,88 адамды құрады.
АХАЖ мәліметтері бойынша, 2021 жылы туылғандар саны 450,7 мың адамды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (425,6 мың адам) 5,9%-ға артық.

Бұл ретте қайтыс болғандар саны 183,4 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда (162,6 мың адам) 12,8%-ға артық. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 9,53 өлімді құрады.
Өткен жылы республикада бір жасқа дейінгі 3763 сәбидің өлімі тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3315 нәресте қайтыс болды) нәресте өлімі 13,5%-ға өсті. Нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,35 жағдайды құрады.

Abai.kz

0 пікір