Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
3319 0 пікір 18 Ақпан, 2022 сағат 14:16

Ресей тәжік мигранттарына зейнетақы төлей ме?

Мәскеу мен Душанбе еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз ету келісіміне келіскен. Бірақ құжатты екі елдің парламенттері әлі ратификацияламай жатыр.

Бұл туралы Озоди радиосына Тәжікстан үкіметінің жанындағы Әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы агенттігінің өкілі мәлімдеді.

2021 жылы қыркүйекте келіскен құжатқа сәйкес, мигрант ресми істеген және зейнетақы қорына ақша аударған ел кейін оған зейнетақы төлеп беруге міндетті болады.

Бірақ Ресейде істеген мигранттардың бәрі зейнетақы ала алмайды. Мамандар пікірінше, егер мигрант Ресейде патент ақысын төлесе ғана, бұл келешекте зейнетақы алады дегенді білдірмейді. Патентпен қоса оның жұмыс берушімен келісім-шарты және сақтандыру нөмері болуы керек. Жұмыс беруші ай сайын мигрант үшін Ресейдің Зейнетақы қорына сақтандыру төлемін төлеп тұруы тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1551
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3163
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1160
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1081