Тараз: «Көк базар» көшсе, жұрт көшеде қалмақ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Ахметов мырзаның!
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры А.Дауылбаев мырзаның назарына!
«Тараз қаласы әлеуметтік шиелініс алдында: облыс орталығының тұрғындары республикалық тас жолды жауып, қала көшелеріне шығуға дайын» деп жазады «Ұлт Таймс» газеті. Аталған басылымның хабарына құлақ түрсек, мәселенің ұзын-ырғасы былайша өріледі:
Жергілікті билік аһуалдың шиеленіскеніне назар аудармай, қала тұрғындарының талаптарына немқұрайлы қарауда. Дау-дамайдың басты себебі - 1 қазанда қаланың Орталық базарының жабылуы туралы хабарлама. Осы және тағы да басқа келеңсіз фактілердің орын алып отырғаны туралы редакцияға тараздықтардан келіп түскен хаттардан белгілі болды. Хат авторлары бастарына түскен өзекті жағдайларға көпшіліктің назары аударылады деген сенімде. Олардың пікірлеріне құлақ түрсек, жағдай шиелінісіп, әлеуметтік жанжалға ұласып кетуі ықтимал!
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Ахметов мырзаның!
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры А.Дауылбаев мырзаның назарына!
«Тараз қаласы әлеуметтік шиелініс алдында: облыс орталығының тұрғындары республикалық тас жолды жауып, қала көшелеріне шығуға дайын» деп жазады «Ұлт Таймс» газеті. Аталған басылымның хабарына құлақ түрсек, мәселенің ұзын-ырғасы былайша өріледі:
Жергілікті билік аһуалдың шиеленіскеніне назар аудармай, қала тұрғындарының талаптарына немқұрайлы қарауда. Дау-дамайдың басты себебі - 1 қазанда қаланың Орталық базарының жабылуы туралы хабарлама. Осы және тағы да басқа келеңсіз фактілердің орын алып отырғаны туралы редакцияға тараздықтардан келіп түскен хаттардан белгілі болды. Хат авторлары бастарына түскен өзекті жағдайларға көпшіліктің назары аударылады деген сенімде. Олардың пікірлеріне құлақ түрсек, жағдай шиелінісіп, әлеуметтік жанжалға ұласып кетуі ықтимал!
Жергілкті билік қайда қарап отыр?! Жаңаөзендегі жағдайдың қалай өршіп, шегіне жеткендігіне барлығымыз куәміз ғой. Ол жердегі ең негізгі мәселе кландардың Елбасын, оның сенімді серіктерін халық алдында жерге қарату болғандығы бүгінде анықталып отыр.
Жаңаөзен синдромынан арылмай жатып, Таразда жанжал басталса, еліміз не болмақ?! Бұл мәселе бүкіл халық патироттарын мазалайтындығы анық. Сондықтан біз журналисттік зерттеу жүргізіп көрдік. «Бақсақ бақа екен» демекші, бұл жерде де бір сұмдықтық шеті шығып келеді.
Ғасырлар бойы «Саудагерлер қаласы» аталап келген көне Тараз біртіндеп саудасы жүрмей қалған саудагерлер мен бос сөрелер қаласына айналып барады. Жамбыл облысы орталығының тұрғындарының наразылығы өңірдің әлеуметтік-экономикалық аһуалымен тікелей байланысты болып отыр. Соңғы жылдары облыс барлық республикалық рейтингтерде көш соңында қалуда. Өңірді расымен де осылай деуге негіз бар, экономикалық көрсеткіштері бойынша 16 орында болуы - осының дәлелі. Бұл - республика бойынша ең төмен көрсеткіш. «Рейтинг. KZ» зерттеу агенттігі осындай мәліметтер келтіруде. Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Жамбыл облысы тұрғындарының орташа еңбекақысы да ең төменгі деңгейде - 55,4 мың теңгені құраса, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 34,1 % төмен. Аталған облыста ірі өндіріс орындары жоқтың қасы, ауылшаруашылығы саласы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ете алмай отыр, ауыл халқының басым бөлігі күнкөріс үшін ірі елді мекендерге көшуде. Қалаларға келер болсақ, оларды бір үлкен базар деуге барлық негіз бар, тек ресми деректерге сүйенсек, өңірде сауда саласында 90 мың адам жұмыс істейді екен, ал еш жерде тіркелмей саудамен айналысушыларды санап шығу тіпті қиынға соғады. Сондықтан да, қала тұрғындарының басым бөлігі үшін жұмыс орны болып отырған Орталық базарды басқа жерге көшіру, көпшілік үшін ауыр соққы, Таразда басқа жұмыс табу мүлде мүмкін емес!
Жоғарыда айтып өткеніміздей осыдан аз ғана күн бұрын редакциямызға осы мәселе бойынша бастамашыл топ ұйымдастырған қала тұрғындарынан хат келді. Базарда жұмыс істеушілердің белсенді тобы Орталық базарды жабуға жол бермеуді алдарына мақсат етіп қойыпты. Мәселе, 2011 жылдан бастап халық арасында «Көк базар» деген атпен белгілі Орталық базардың аумағында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуден басталған. «Тарихи» орында жұмыс істейтін саудагерлер қазба жұмыстарының маңыздылығын жақсы түсінеді, сондықтан да, саудаларын басқа жерде жалғастыруға дайын. Дегенмен, базарды көшіретін жер көңілге қонбаған. Кәсіпкерлер жағдайының беймәлімдігі, көшіру уақытының нақтылы белгіленеуі әлеуметтік наразылық тудыратын жағдайға әкеліп соқтырып отыр. Жағдайдың қаншалықты күрделі екендігін айғақтау үшін бастамашыл топтың жіберген хатын толықтай келтіруді жөн көрдік:
«Базарды басқа жерге көшіруге байланысты жағдайымыз күрделі, қандай да болсын наразылық шараларын өткізуге дайынбыз! Кәсіпкерлер, қала базарларының жұмыскерлері, олардың отбасының мүшелері, қала халқы жергілікті атқару органдарының теріс шешімдеріне барынша наразы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру туралы ұдайы айтып келеді. Іс жүзіне келер болсақ, қала басшылары Президент тапсырмаларына құлақ салмай, облыс басшылары біздің қордаланған мәселелерімізді көрмеген, білмеген болып отыр.
2006 жылы «Көк базардың» аумағында көне Тараздың құрылыстары табылды. Сол жылы қаланың бас жоспары бекітілді. Тарихи орталықта «Көк базардың» негізін құрайтын «Төлебай», «Еркебұлан», «Караван», «Шахристан», «Тілек» және «Сейдегүл» базарлары орналасқан. Бұрынғы басшылары орын алған аһуалды шешудің жолдарын қарастыра бастады, саудагерлерге жаңа жұмыс орындары берілетіні туралы уәде берілді. Дегенмен, жоспарды орындау жыл сайын белгісіз мерзімдерге ұзартыла берді. Облысқа әкім болып Қ. Бозымбаев тағайындалғаннан бері жергілікті атқару органдары базар аумағын «тазартуға» кірісті. Сол кезден бері бізде маза жоқ. Жуырда базар 30 қыркүйекте жабылады, ал 1 қазаннан бастап бір мезгілде көшіріледі деген хабарландыру берілді.
Өзімізді Сталин репрессиясына ұшараған құрбандар сияқты сезініп жатырмыз. Бізге таңдауға ерік бермей, қаланың шетіндегі Асқаров көшесінде орналасқан жаңа базарға көшу туралы ұсыныс емес бұйрық берілді. Бұл сауда орталығы ешқандай экономикалық негізсіз салынған, қала ішінде, Көк базардың саудагерлерін жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін арнайы салынған басқа базарлар бар.
Асқаров көшесіндегі құрылысты Алтынбек Садырбаевтың басшылығымен жұмыс істейтін «Сенiм» корпорациясы жүзеге асыруда. Жаңадан салған ғимараттың сыйымдылығы 5500 сауда орнын құрады. Ал бұрынғы базарда жұмыс істеушілер саны 20-25 мың адамды құрайды (8300 жұмыс орны), бұл - тек тіркелген саудагерлер саны. Мұның барлығы жұмыс орнының жетіспейтіндігін, адамдардың күнкөріс көзінен айрылып, далада қалатындығын көрсетеді. Әрбір саудагер кемінде үш-төрт адамды асырап отырғанын ескерсек, шамамен алғанда жүз мыңдай адам асыраушысыз қалатындығы анық! Асқаров көшесінде орналасқан жаңа базарда жұмыс орны жеткіліксіз болуымен қатар, аталған базар құрылысы әлі аяқталмаған. Қазіргі уақытта 2500 сауда нүктелері жұмыс істейді, қалғаны Жаңа жылға қарсы іске қосылады деген уәде бар. Бізге белгілі болғандай қала бюджетінен аталған құрылысқа қомақты қаржы бөлінген. 2012 жылдың бюджетінен жаңа ғимаратты толық іске қосу үшін 263 млн. теңге, соның ішінде, суландыру-кәріздеу жұмыстарына 113 млн. теңге, электрмен жабдықтау және үш трансформаторлық станциялар салу үшін 150 млн. теңге бөлінген. Саудагерлер арасында бөлінген бутиктердің иелері болашақта сол бутиктерді базар қожайынынан 10-12 мың долларға сатып алады деген қауесет жүр. Базар қожайындары әкімшілік тиісті қаржат бөлсе де, өз шығындарының орнын толтыру қамына кіріспек.
Неге жергілікті атқару органдары Тараз қаласының саудагерлері мен тұрғындарының пікіріне құлақ аспайды? Бізден сұрамай, біздің талап-тілегімізге қарамай өздеріне пайдалы жағына шығады? Шыдамымыздың жеткен жері осы болды.
Базарды жабу мерзімі бірнеше рет ауыстырылды. Жергілікті атқару органдары, қалалық және облыстық әкімшілік жаңадан салынып жатқан «Орталық базар» иелерінің мүддесін қорғап, құрылыс аяқталуына мұрсат бергенге ұқсайды. Ескі «Көк базар» басқа жерге ауысады дегенмен, базар қожайындары басқа екені белгілі.
Сонымен қатар, Садырбаев мырзаның базарының қасына 26 қала маршруты мен 47 облыстық жолаушылар тасымал маршруты ауысатын болады. Осының салдарынан жекеменшік көлік иелері де шығынға бататын болады. Автобус марштруттары енді қаланы айналып, жартылай бос жүретін болады. Аса, Сарыкемер, Бурыл, Жасөркен, Гродеково, Бесағаш ауылдарының тұрғындары алдымен жаңа базарға келіп, сосын барып, Тараз қаласының орталығына жетеді. Осыдан бірер күн бұрын жүргізушілер мен жолаушылардың наразылығын білдірген заңсыз митинг болды, дегенмен, жергілікті атқару органдары халық наразылығына тағы да назар аудармады. Бастамашыл топтың ішінде базар саудагерлерімен қатар, базардың шалғайда орналасқанына қарсылық білдірген қала тұрғындары да бар. Базар алыс, азық-түлік пен киім-кешек сатуға оңтайланбаған, қасында облыстық туберкулез диспансері, түзету мекемесі мен психиатрикалық клиника орналасқан.
Осыдан біраз уақыт бұрын «Тараз қаласының перспективалы базарлары қауымдастығы» әкімшілікке орталық базарды ұйымдастыра көшіруге көмек көрсету туралы ұсыныс енгізген. Алайда, олардың пікіріне ешкім құлақ салмады. Қайта түсінсіксіз жағдайлар орын ала бастаған. Мысалы, қаланың шағын аудандарында орналасқан ірі базарлардың бірі «Атакент-Тараз» толығымен пайдаланылмай отыр. Бүгінгі күні «Атакент-Тараз» базарына өтетін жол жабық. Бар болғаны үш қала маршруты жұмыс істеуде. Қала әкімшілігі қанша уәде бергенмен, базар маңындағы жол әлі толық төселіп болмаған. Мүмкін қала басшылары жол құрылысын әдейі созып, барлық саудагерлерді «Орталық базарға» көшуге мәжбүр етіп отырған шығар?! Солай десек те, Жамбыл облысының Жуалы ауданының ет сатушылары өз тауарын осы «Атакент-Тараз» базарына әкеліп саудалайды. Біріншіден, арасы жақын, екіншіден, антисанитариядан қорықпауға болады. Ал, тубдиспансерден жұқпалы ауру ет базарына жетсе не болары белгісіз екені барлығымызға мәлім. Неге қаланың шағын аудандарының тұрғындары қасында ірі базар тұрғанда қала сыртындағы базарға бару керек? Көтерме сауда базарына біреу монополия жасағысы келгені үшін бе? Әкімшілік осы сұрақтарға жауап берсін.
Осы хатымызда базарда сауда істеп жүрген кәсіпкерлердің көбінің материалдық қиыншылыққа тап келгенін баса айтамыз. Біз отбасымызды баға алмай, миллиондап алған кредиттерімізді қалай өтейтінімізді білмейміз. Сату үшін алынған азық-түліктерімізді қайда жібереміз, жаңа базардағы орын жеткіліксіз екені белгілі. Қаланың әрбір төртінші тұрғыны базар арқылы күн көріп отыр десек артық айтқан болмайды, егер де жақын арада перспективасыз базарға күштеп көшіретін болса, «Алматы-Шымкент» республикалық тас жолына шығуға мәжбүр боламыз. Мұндай шараға амалсыз барайын деп отырмыз. Ақсақалды қарттарымызға жастарды осындай ағат жолдардан ұстап қалу қиынға соғып тұр, тез арада мәселені екі жақты қарастырмасақ, зардабын барлығымыз тартатын боламыз. Қазірдің өзінде жұмыссыздық кесірінен қалада қылмыс саны көбейіп бара жатыр. Болашақта не болатыны белгісіз, сондықтан да көмек болар ма екен деп өздеріңізге жүгінуге тура келіп тұр.
Бастамашыл топтың мүшелері қалалық, облыстық және республикалық басшыларға жағдайды одан әрі ушықтырмай, тұрақтандыру туралы ұсыныс береді. Біз жаңа сауда орындарына өз еркімен, оңтайлы көшуге қолдау көрсететін Штаб құруды талап етеміз. Орын алып отырған аһуалды қалыпқа келтіру үшін қала әкімшілігі ескі Орталық базардың жұмысын кемінде бір айға ұзартуға тиіс».
Біздің редакциямыз Тараз қаласында орын алып отырған жағдайды мұқият бақылайтын болады. Облыс халқының талап-тілектері тиісті құзырлы органдарға жететініне сенімділік танытамыз. Жоғарыда келтіріліген хатты тараздықтардың жанайқайы деуге әбден болады.
Осы материалды еліміздің Премьер-Министрі Ахметовтың назарына ұсынып отырмыз. Егер бұл мәселе оң шешілмейтін болса, тағы бір әлеуметтік жанжалдың шиі шығатындығы анық! Сондықтан, мемлекет, ұлт мүдделері тұрғысында жергілікті билік орындары әділ шешім қабылдауы тиіс!
«Abai.kz»