Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2743 0 пікір 14 Шілде, 2009 сағат 19:44

Денсаулық сақтау министрлігі жалған дәрі-дәрмектерді таратқаны үшін қылмыстық жаза енгізуді ұсынды (толықтырумен)

Астана. 14 шілде. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. ҚР денсаулық сақтау министрлігі жалған дәрі-дәрмектерді таратқаны үшін қылмыстық жаза енгізуді ұсынады, деп мәлім етті фармацевтикалық бақылау комитетінің (ФБК) төрағасы Сыздық Баймұқанов.

«Министрлік фармацевтикалық нарыққа қатысушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында дамыған елдердегідей жалған дәрілік препараттарды таратқаны үшін қылмыстық жазаны қарастыратын заң нормасын енгізу туралы бастама көтерді. Бұл ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін болады», - деді ол сейсенбі күні брифингте.

С. Баймұқанов депутаттар бұл бастаманы қолдағанын және жыл соңына дейін заңға, соның ішінде қылмыстық кодекске де  қажет түзетулер енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі кезде жекелеген дәрілерді таратқаны үшін ең көп айыппұл түріндегі жаза 150 ТЕК құрайды (1 ТЕК – 1296 теңге).

«Бүгінгі күні Қазақстанда танымал және аса үлкен сұранысқа ие препараттар қолдан жасалады. Мысалы, Астанада 9 шілдеде дәріханалардың бірінде «эссенциале форте Н» жалған препараты табылды, деді ФБК басшысы.

Дәрінің жалған екенін өндіруші «Санофи Авентис Групп» зертханасы және «дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РМК-нің зертханасы қуаттады.

Препарат өндіруші фирманың арызы бойынша анықталды және партияның көлемі аса үлкен болған жоқ. «Бұл дәрі емес, түк те емес еді. Препарат адамдардың өмірі үшін қауіпсіз болды. Қазіргі кезде зардап шеккендер тіркелген жоқ», - деп атап көрсетті С.Баймұқанов.

Бұл оқиға бойынша материалдар Астананың мамандандырылған әкімшілік сотына берілді.

Қазір денсаулық сақтау министрлігі жалған дәрілерді анықтау масқатында еліміздегі дәріхана мекемелерінде тексеру жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, ФБК жетекшісі соңғы уақытта Ресейден жалған препараттардың жеткізілімі басталғанын атап көрсетті.

2004 жылдан бері Қазақстанда жалған дәрілік заттарды сатудың 30-дан аса оқиғасы тіркелді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401