Сенбі, 23 Қараша 2024
1676 2 пікір 21 Ақпан, 2022 сағат 14:10

ЕАЭО-да жаңа жоба қарастырылуда

Еуразия экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер ауыл шаруашылығы өнімдерін темір жол арқылы тез жеткізу бойынша бірлескен жобаны талқылап жатыр.

Бұл мәселе 19 ақпанда Еуразия экономикалық комиссиясының видео конференция арқылы өткен жиналысында көтерілді. Оған Қырғызстанның министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев төрағалық етті.

Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, онда 27 мәселе қаралған. Солардың бірі одақ ішінде COVID-19 вирусына қарсы екпе алғандардың сертификатын тану мәселесі де бар.

Нәтижесінде жыл сайын 29 мамырда ЕАЭО күнін атап өту жөнінде және 24-25 ақпанда Нұрсұлтанда одақтың үкімет басшыларының бас қосуында өтетін кездесудің күн тәртібі қаралған.

Былтыр Ресей мен Өзбекстан Ташкент – Мәскеу "Агроэкспресс" пойызын ашуды жоспарлап жатқанын мәлімдеген. Бұл жобаға Қазақстанда қосылатыны, Өзбекстан өнімдері алдымен Қазақстанға, әрі қарай Ресейге жөнелтілетіні айтылған. Кейін бұл жобаға Қырғызстан да қатысуға ниет білдірген. 2022 жылы ЕАЭО-ға төрағалық ету кезегі Қырғызстанға тиген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387