Бейсенбі, 1 Қазан 2026
2650 1 пікір 21 Ақпан, 2022 сағат 15:03

Ақ үй: Байден Путинмен кездесуге дайын

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға шабуыл жасалмаса, ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуге келісті. Бұл туралы Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды. 

Байден әкімшілігі Ресейдің Украинаға басып кіруі келіссөздің тоқтауына себеп болуы мүмкін екенін айтты.

"Президент бірнеше рет ашық айтқан болатын, шабуыл басталғанша дипломатиялық қарым-қатынаста боламыз. Президент Байден егер шабуыл жасалмаса, президент Путинмен қайта кездесуге келісті", - делінген хабарламада.

Псакидің айтуынша, америкалық көшбасшы Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің келіссөздерінен кейін Ресей президентімен кездесуге дайын.

"Біз әрқашан дипломатияға дайынбыз. Егер Ресей соғысты таңдаса, салдарға дайынбыз. Қазіргі уақытта Ресей жақын арада Украинаға шабуыл жасауға дайындықты жалғастырып жатқан сияқты", - делінген хабарламада.

Бір күн бұрын Елисей сарайында Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байден Француз басшысы Эммануэль Макронның Еуропадағы қауіпсіздік және стратегиялық тұрақтылық саммитін өткізу туралы ұсынысын қабылдағанын хабарлады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 214
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 210
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 233