Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2462 0 пікір 14 Шілде, 2009 сағат 19:45

Адамдар Жамбыл облысындағы өртпен 30 сағат арпалысты

Тараз. 14 шілде.  ҚазТАГ – Өткен жексенбі күні Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында ірі дала өрті болды, деп хабарлайы Қазақстанның ТЖМ.

Министрліктің республикалық дағдарыс орталығына түскен мәліметтерге сәйкес, Тасөткел ауылдық округына кіретін Төле би елді мекенінен алпыс шақырым жердегі өртті 12 сағат 30 минутта жергілікті тұрғындар байқап қалған.

100 аумақты шарпыған жалынды толығымен өшіру үшін Жамбыл облыстық ТЖД өртпен күрес қызметінің 22 қызметкеріне 7 техниканы пайдалана отырып, жергілікті 17  еріктінің көмегімен 30 сағат қажет болды, деп хабарлайды ТЖМ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ сейсенбі күні еліміздің батысында және оңтүстігінде бесінші сыныпты өрт туындау қаупі сақталатынын ескертеді. 

Ал Қызылорда облысында солтүстік – батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрып, құмды дауыл соғады.

Жалпы Қазақстандағы ауа райын атмосфералық фронтальді бөліктер анықтайды. Республиканың батысында ғана антициклонның ықпалы сақталады. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарында солтүстік –батыстан жел тұрып, оның күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік –шығысында және шығысындағы тау өзендерінде судың деңгейі құбылмалы болады.

0 пікір