Сенбі, 23 Қараша 2024
1372 1 пікір 22 Ақпан, 2022 сағат 14:28

Экс-министр Бектанов 2 айға қамалды

Астана (Нұр-Сұлтан) соты Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауда ұстау туралы шешім шығарған.

«2022 жылдың 22 ақпанында Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бектановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды», - делінген Сот хабарламасында.

Аталған іске қатысты өзге мәліметтер ҚПК 201 бабына сәйкес, жария етуге жатпайды делінген.

Айта кетейік, экс-министр Бектановтың тұтқындалғаны туралы ақпарат 19 ақпанда белгілі болған. ҚР Бас прокуратурасы экс-министр Бектановтың үстінен Қылмыстық Кодекстің 452 бабы (Бейліктің әрекетсіздігі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастағаны айтылған. Кейін, бұл ақпаратты Бас прокуратура растаған.

2021 жылы 31 тамызда президент Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалған. Кейін 2022 жылдың 11 қаңтарында президент Тоқаев министр Бектановты өз қызметіне қайта тағайындау туралы бұйрық шығарған.

Ал «қаңтар көтерілісінен» кейін, президент Тоқаев министр Бектановтың қызметін қатаң сынап, 19 қаңтар күні қызметінен алған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366