Сенбі, 23 Қараша 2024
2182 2 пікір 22 Ақпан, 2022 сағат 15:39

Украина дағдарысы теңгеге де әсер етеді

Ресей мен Батыс арасындағы қақтығыстың ушығуы $1 – 447 теңгеге теңестіріп, теңгенің құлдырауы мүмкін.

AERC Beta LLP бас директоры Ғалымжан Айтқазиннің айтуынша, Мәскеудің Донецк және Луганскіні тәуелсіз республикалар деп мойындауы, батыс елдерінің санкция салынуына жол ашады. Бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасына, оның ішінде доллардың теңгеге айырбас бағамына орасан зор қысым жасайды.

"Рубльдің долларға шаққандағы бағамы қазір 80,3-ке жетті. Максимумға жақындап келеді. Бұл Ресей Украинаның аумақтық тұтастығын бұзып, әлемдік қауымдастықтың сынына қалғаннан кейінгі жағдай. Батыстың жетекші елдерінің, соның ішінде АҚШ, ЕО және басқа елдердің экономикалық санкциялары іске асатыны белгілі", - дейді AERC Beta LLP бас директоры.

Қазақстан қаржы ассоциациясының сарапшысы Рамазан Досов: «Қазақстан мен Ресейдің арасында тығыз экономикалық байланыс орнатылған. Сондықтан орын алған жағдайдың елімізге тигізер ықпалы зор. Дегенмен барлығы алдағы салынатын санкциялардың ретіне, көлеміне байланысты болмақ,-дейді сарапшы.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364