Жұма, 22 Қараша 2024
2289 11 пікір 24 Ақпан, 2022 сағат 13:24

Бозымбаев: Қазақстанда АЭС салуды жақтаймын

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қазақстанда атом электр станциясын салу керектігін айтты.

«Бірден айта кету керек, мен Қазақстанда атом электр стансасын салуды жақтаймын. Мен ұзақ уақыт энергетика саласында жұмыс істедім. Тиісті мекемелер бірер жылдан кейін бізде электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін дейді. Бізге негізгі қуат қажет», - деді облыс әкімі.

Бұл ретте ол бұл нысанды салу мәселесіне мұқият қарау керектігін қосты.

«Мен атом электр станциясының қай жерде – Балқаштың немесе Ертістің жағасында орналасатынын білмеймін, бірақ судың көлемі міндетті түрде қажет. Айналмалы су құбыры бар, ол салқындату үшін қажет. Станция салынатын жерді белгілеу облыс әкімі ретіндегі міндетіме кірмейді. Мен бұған ешқандай әсер ете алмаймын және мені АЭС салу үшін Алматы облысының басшысы етіп тағайындады деген қауесет жай ғана болжам», - деп түйіндеді сөзін Бозымбаев.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308