Жұма, 22 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 5912 20 пікір 25 Ақпан, 2022 сағат 10:51

Ресей агрессиясы, Украина қорғанысы

Ресей әскері Украинаға басып кірді. Бір күн ішінде әлем елдері де, Украина да, тіпті Ресей де үлкен өзгеріске ұшырады.

Ресей басшысы Путиннің үндеуінен кейін, Ресей әскері Украина аумағына шабуыл жасады. Украина уақыты бойынша таңғы сағат 05:00-де Мәскеу зымырандармен Украинаның әскери қоймаларын, әуежайлар мен әскери бекеттерді атқылады.

Киев қорғанысқа көшті. Ресей әскері төрт бағыттан соққы жасады. Шығысында басқыншылар қолындағы Луганск пен Донецк содырлары мен Ресей әскері Украина әскери бекеттерін бірлесе артиллериялық соққы астына алды. Оңтүстік бағытта басқыншы қолындағы Қырымнан Ресей әскері шабуылға шықты, ал Қара Теңіздегі Ресей флоты Украина порттарына соққы берді. Солтүстік бағытта Беларусь аумағынан Ресей ұшақтары мен тікұшақтары Украина аумағына кірсе, Батыста сепаратистік Приднестровье зымыранмен Киев маңын атқылады. Бір сәтте Украинаның көптеген қалалары оқ пен оттың астында қалды. Украина әскері есін тез жиып, қарсы соққы жасауға және қорғанысты тиімді ету тәсілдеріне көшті.

Алғашқы күні Ресей әскері Харьков маңында үлкен шығынға ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. Киев облысы үшін шайқас болып жатыр. Гостомель мен Сумы қаласы үшін қиян-кескі шайқастар жалғасуда. Ресей әскері Киевке зымыран соққыларын жасады. Пентагонның мәліметі бойынша бір күннің ішінде Украина жеріне 160 зымыран атылған.

Зеленский жаппай мобилизация жариялады. Жаңа ереже бойынша қолына қару ұстай алатын 18-60 жас аралығындағы ерлердің барлығы дерлік соғысқа қатысуы мүмкін. Олардың елден шығуына тыйым салынған.

Соғыс шығынына қатысты алғашқы мәліметтер пайда болды. Украина 137 сарбазынан айырылды. 316 сарбаз ауыр жараланған. Ресей әскерінің де шығыны орасан. Украина Қорғаныс министрлігінің мәліметінше Ресей бір күннің ішінде 30 танк, 130 брондалған көлік, 6 тікұшақ пен 5 ұшағынан айырылған. Адами шығыны 450-800 арасында.

Ресей агрессиясына қарсы әлем бірлесе үн қатуда. Тіпті Ресейдің өзінде де соғысқа қарсы шерулер өтіп жатыр. Ресейдің 24 қаласында өткен шерулерде 1800 адам ұсталған.

Еуропа елдері мен АҚШ Украинаға әскери көмек көрсету, қаржылай демеушілік жасау және Ресейді экономикалық тұрғыдан қыспаққа алу жағын іске асыруда. Украинаға көмек ретінде Польша 1 млрд доллар, ал Франция 1,2 млрд еуро қаржы бермек. Сонымен қатар әскери көмек ретінде қару-жарақ та жеткізілетін болады.

АҚШ, Ұлыбритания, ЕО елдері Ресейге ауыр санкциялар салды. АҚШ Ресей банктерінің 70 пайызына санкция салып, Ресейді жоғары технология иемдену құқығынан айырды. Сонымен бірге кеме жасау технологияларын бермейтін болды. Ғарыш кеңістігін бірлесе игеру жобасынан айырды. Ұлыбритания да АҚШ санкцияларын қолдап, өзіндік санкциялар енгізді. Санкция Оңтүстік Корея мен Жапония да салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Байденнің сөзінше «Ресейге қарсы әлемнің үштен бір бөлігі бірлескен санкция енгізуді қарастыруда». Борис Джонсон Ресей экономикасын құлдыратпай тынбайтынын айтты.

Ал Ресей бүгін Украинаға шабуылын үдетті. Дәп қазіргі сәтте Киевті зымыранмен атқылап жатыр.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303