Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 6055 41 пікір 28 Ақпан, 2022 сағат 18:11

Агрессорға аяушылық жоқ

Бүгінгі күндері қанішер Ресей бейбіт жатқан Украина еліне шабуыл жасап жатқан тұста оның агрессорлық бейнесіне бүкіл әлем түкіріп жатыр. Ресей басқыншыларының бетіне біз де түкіреміз. Бұл барып тұрған оңбаған, адамшылық қалыптан алыс жұрт.

Қарап отырсам 1901 жылдан 2000 жылға дейінгі жүз жылда патшалық Ресей, СССР одан кейін Ресей федерациясы сияқты атаулармен аталған орыс мемлекеті 44 рет соғысқа қатысыпты. Оның 43-і басқыншылық соғыс. Тек совет-герман соғысында ғана немістер алдымен басып кірген. 1941-1945 жылдардағы совет-герман соғысында яғни шығыс майданда немістер 5,5 млн солдатынан айырылса, 2018 жылы ССРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің құпиялылығы жария болып кеткен деректерінде СССР 47 млн (қырық жеті миллион!) адамынан, оның ішінде 19,5 млн солдаты мен офицерінен айырылған. Бір фашист солдатын өлтіруге советтің 9-10 солдаты құрбан болған. Әскери дарынсыз, тоғышар орыс қолбасшылары адам ресурстарын аяусыз алғы шепке тоғыту арқылы ғана жеңіске жеткен.
Фашизмге қарсы сол соғыста қазақ халқы майданда және жаралы болып келіп қаза болғандарын қосып есептегенде өлген ұл-қыздарының саны 1 (бір) млн болса, орыстардың большевиктік билігі тұсында 74 жылда (1917-1991жж) қазақ халқы 10 млн адамынан айырылды. Фашизмнен гөрі рашизмнің қазақ халқына тигізген зияны орасан.

Менің атам он жыл жазықсыз орыстардың айдауында болып, ауруға шалдығып дүние салды. Әкелерім орыстар ұрындырған фин, неміс, жапон соғыстарына қатысып, уақытынан бұрын жер жастанды. Мен сондықтан да империялық астамшылығы басым Ресей билігін, ұлыдержавалық шовинизмі мүңкіп тұратын орыстарды жек көремін.

Қазақ халқы отаршыл орыстардан көп жапа шекті. Қазақ халқы бұрын қалмақтарға қарсы қаншама шайқасса, ХҮШ ғасырдан бастап ормандай орысқа қарсы ондаған рет ірі бас көтерулер жасады. Бодан болған 260 жыл ішінде (1731-1991жж) Ресей отаршылдығына қарсы 400-ден астам көтеріліс орын алды. Білмейтіндер үшін солардың ең маңыздыларын атап өтейін.
Сырым Датұлының басқаруымен 1783-1797 жылдардағы отаршылдыққа қарсы көтеріліс, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісі, Кеңесары Қасымұлының 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісі, Жанқожа Нұрмұхамедұлының 1856-1857 жылдардағы көтерілісі, Есет Көтібарұлының 1868-1869 жылдардағы көтерілісі, Маңғыстаудағы 1870 жылғы Досан-Иса көтерілісі, патша өкіметіне қарсы 1916 жылғы көтеріліс, орыстар құрған совет өкіметіне қарсы 1930 жылғы Созақ көтерілісі. Голощекин Сталинге жазған хатында Қазақстанда 1931-1933 жылдары 15 ірі көтеріліс орын алғанын айтады. Осы көтерілістер кезінде жүздеген мың қазақ өлтіріліп, 1,5 млн қазақ шетелдерге босқыншылыққа ұшырады. Кешегі 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі мен Қаңтар көтерілісі кезінде орыс әскерінің қолынан қаза болған қандастар саны алдағы уақытта анықталатын болады. Сондықтан да қазақ «Орыспен жолдас болсаң айбалтаң қасыңда болсын» деп тегін айтпаған.

Қазақ халқының қарапайым орыс халқына ешқандай претензиясы жоқ. Қазақ халқының ашу-ызасын туғызатын Ресей билігі. Қолдан жасалған Приднестровье, Гүржістанға шабуыл, қол қойылған шарттарға қарамастан Қырымды басып алуы, Луганскі мен Донецкіде сепаратистік ұйымдар құрып, ақыры оларды өздеріне қосып алуы, енді міне Украинаға соғыс ашуы оның барып тұрған соғысқұмар, агрессор ел екендігін көрсетеді. Дұшпан аузы-мұрны қан болмай тынбайды.

Украиналық бауырларымыз қаһармандықпен шайқасып бірнеше күннің ішінде дұшпанның ондаған ұшақтарын атып түсірді. Жүздеген танкілерін отқа орады. Үш мыңнан астам орыс солдаты жойылды. Бүкіл украин халқы жауға қарсы тізе қосып шайқасуда. Енді бір он күндей шыдас берсе орыс шабуылының аптығы басылады. Соғысты ары қарай жалғастыруға Путиннің шамасы келмейді. Украина үшін келіссөз тиімсіз. Орыстар бастаған соғыстың орыс жерінде аяқталғаны дұрыс.

Бүкіл әлем елдерінің қолдауымен Украина Қарулы күштері Луганскі мен Донецкіні және Қырымды толықтай қайтарып алуы керек. Тіпті Кремльде украин жалауы желбіресе бүкіл әлем бір жеңілдейтіні анық.
Бұл Қазақстан үшін шынайы тәуелсіздік болады! Біз украин халқымен біргеміз.

Марат Бәйділдаұлы

Abai.kz

41 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963