Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2891 0 пікір 2 Қазан, 2012 сағат 09:24

Нұра Матай. «Арқанкерген» жұмбағы: Челахқа сегіз бап бойынша айып тағылды

«Арқанкерген» шекара бекетінде қырғын салып, 14 шекарашы сарбаз бен бір қорықшыны қырып салды деген күдікпен тергеуде жатқан шекарашы Владислав Челахқа ресми түрде айып тағылды.

Қорғаушы Төлеген Берліқожановтың айтуынша, Челахқа төмендегідей сегіз бап бойынша айып тағылған:
«Екі немесе одан көп адам өлтіру», «Адамның жеке затын қолды қылу», «Құпия материалдарды қымқыру» (Мемлекеттік шекара картасы), «Қару ұрлау» (Командир Кереевтің тапаншасы), «Заңсыз қару алып жүру (Командир Кереевтің тапаншасы), «Әскери заттарды қирату» (шекара әскери бекетін өртеп жіберуі), «Қашқындық» және "Өзгенің үйіне заңсыз баса-көктеп кіру».

Челахтың қорғаушысы Төлеген Берліқожанов аталған айыптардың ешбірімен келіспейтіндіктен де Челахтың кінәсіз екенін сотта дәлелдейміз деп белді бекем буып отыр екен. Қорғаушы келесі аптада қылмыстық іс қолдарына тисе, мұқият қарап, танысатындықтарын және соттың алқа билердің қатысуымен өтуін сұрап арыз жазып жібергендерін де мәлімдеді.

Ал, Челахтың атасы болса, немересінің үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды талап еткен. Оның ойынша, құқық қорғау орындары Челахты күдікті ретінде тергеу абақтысында ұстау арқылы оның конституциялық құқын бұзып отырған көрінеді.

Айтпақшы, «Арқанкерген» шекара бекетінде опат болған сарбаздардың бірнешеуінің мәйітінің қай шекарашыға тиесілі екенін анықтау мүмкін болмай, ақыры мәйіттану зерттеуіне немістер араласып еді. Ал, немістер белгісіз мәйіттердің біреуінің ғана шекарашы Рүстем Ақылбаевтың сүйегі екенін анықтапты. Қалған мәйіттердің кімнің сүйегі екені әлі белгісіз. Бірақ, белгісіздік біздің жақты тоқтата алмады. Арнайы орындар мәйіттері нақты анықталмаған сарбаздардың отбасыларына қырғын болған жерден табылған, тану мүмкін болмаған адамдар мәйіті олардың балаларының сүйегі екені жазылған анықтама құжат беріпті.

Ұмытшақ қоғамның жадынан шыға бастаған «Арқанкерген» оқиғасына қатысты іс осылайша өрбіп жатыр.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371