Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2389 2 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 17:03

Партия уақыт тезіне төзе білетіндей саяси күшке ие болуы керек

Партия – мемлекеттің саяси жүйесінің негізгі тегершігі, керек десеңіз тұтқасы, - дейді белгілі журналист Қанат Әуесбай. Ол Nur Otan партиясында басталған модернизация биліктің жұмысына серпіліс береді деп есептейді.

«Соңғы жылдары дүние жүзіндегі қилы сала дамыды, ақпараттық кеңістіктің пәрмені артты, азаматтық қоғам ілгеріледі. Бұл үдемелі үрдіс Қазақстан қоғамына да зор қарқынмен әсер еткені рас. Әсерінен халықтың сұранысы көп өзгерді. Халық сұранысына жауап бере алатын билік те өзгеруі қажет ендеше. Осы тұста саяси партиялардың рөлі арта түспек. Бұл жағдайды Nur Otan партиясының бүгінгі съезіне қатысушылар да жете түсініп отырған сыңайлы. Сьездің шұғыл өткізілуі партияның өзгеріске һәм жаңаша жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті. Төрағасы ауысқанына «құттай» 1 ай өтсе де, алдағы даму стратегиясы мен ел болашағының бағдары әзір», - деп жазды Қ.Әуесбай өзінің Instagram-парақшасында.

Ол «партияны түгел таратып, жаңасын құру керек деген пікірдің қате екенін, қолда барды тиімді пайдалансақ халық та, билік те ұтатынын айтты.

«Съезде партияға қатысты халық көкейін тескен толғақты мәселенің талайы айтылды. Несін жасырайық, партия атына айтылған көптеген пікірді естіп жүрміз. Бір пікір «атауын ауыстырайық» деді, енді бірі тіпті, «партияны тарату керек» деп тым әсіре кетті. Осы орайда бір нәрсені мықтап ұғып алған жөн, партия – мемлекеттің саяси жүйесінің негізгі тегершігі, керек десеңіз тұтқасы ғой. «Тұтқасыз» мемлекеттің болашағы жарқын деп айта алмассыз тағы да. Сондықтан, партиямыз заман көшіне ілесетіндей, уақыт тезіне төзе білетіндей саяси күшке ие болуы керек. Бір сөзбен айтқанда партия қайта жаңарып, жаңа саяси бағытқа бейімделгені мақұл», - деді Қанат Әуесбай.

Айта кетейік, бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі өтіп, онда партия басшылары оның атауын Amanat деп өзгертуді ұсынды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366