Сенбі, 23 Қараша 2024
3304 15 пікір 9 Наурыз, 2022 сағат 16:40

Путиннен көмек сұраған бүлікшіні полиция тексереді

Ресей президенті Владимир Путиннің Украина мемлекетіне басып кіргені үшін алғыс айтқан Елизавета Метвеева құқық қорғау органдарының назарына ілікті.

Құқық қорғау органдары «оның жеке басын анықтап, жариялаған видеосын прокуратура зерттеп жатқанын» айтқан.

Шығыс Қазақстан тұрғыны TikTok-та видео жариялап, Қазақстанда қысым көріп жатқанын айтқан.

"Қазір бәрі нацизм мен фашизм туралы, бір нәсілдің өкілі екінші нәсілді жек көруі туралы, адамдардың бір-бірін жек көруі туралы айтуда. Қазіргі заманның ең өзекті тақырыбы – нацизм. Бұл тек орыстар мен украиндарға қатысты емес, өкінішке орай әлемде нацизм өркендеп жатыр. Сондықтан Путинге алғысымды айтқым келеді. Мен оның арқасында өзімді қауіпсіз сезінемін. Неге екенін айтайын. Мен Қазақстанда тұрамын. Бізге қысым көрсетілді. Қазақстанның адамдары оны түсініп отыр. Бәрін тізбектемей-ақ қояйын, бірақ мынадай белгілер болды: Қайда барамын? Украинадағыдай нацизм басталып кетсе не болады? Дәл қазір болып жатқан жағдайға қарап өзіме қауіп туып тұрмағанын білемін, себебі бізді келіп құтқаратын Путин бар. Сол үшін Путинге рахметімді айтамын», - деп жариялаған Матвеева.

Ресей орыстарға қысым көрсетті-мыс деп Украинаға «қыспақты» 2014 жылы Қырымды аннексиялаудан бастады. Донецк пен Луганск облыстарының тәуелсіздігін мойындады. 2022 жылы 24 ақпанда Украинаға әскерімен басып кіріп, сойқан бастады.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420