Сенбі, 23 Қараша 2024
2128 0 пікір 15 Наурыз, 2022 сағат 14:49

Еуразиялық Одақ пен Қытай жаңа валюта шығармақ

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) және Қытай Халық университеті (RDCY) ұйымдастырған экономикалық диалог «ЕАЭО мен Қытай арасындағы валюталық-қаржылық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі. Жаһандық трансформациялар: қиындықтар мен шешімдер» деп аталды.

Экономикалық диалогқа қатысқан Ресейлік делегацияны ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев, ал қытайлық делегацияны РДЦИ Қаржы институтының деканы Ван Вэнь таныстырды. Олар аталған жиында ЕАЭО мен Қытайға ортақ халықаралық ақша-қаржы жүйесінің жобасын әзірлеу туралы шешімге келген.

Ақша-қаржы жүйесі жаңа халықаралық валютаға негізделеді деп болжануда. Валюта бағамы қатысушы елдердің ұлттық валюталары мен шикізат бағасының индексімен есептелетін болады. Алғашқы жоба наурыз айының соңына дейін талқылауға жіберіледі.

«Жаһандық экономиканың баяулауымен және ЕАЭО мемлекеттері мен Қытайға қатысты шектеу шараларымен байланысты ортақ сын-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып, біздің елдеріміз тұрақты сарапшылық диалогтар деңгейінде де, бірлескен шаралар мен жобалар саласында да практикалық ынтымақтастықты жандандыруы керек», деп Глазьев оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Экономикалық диалогқа сонымен қатар RDCY бас экономисі Ляо Цюн, АДБ энергетика секторын дамыту тобының бұрынғы басшысы және Tencent IT-стратегиясын әзірлеу департаментінің аға кеңесшісі Чжай Йонгпин және RDCY Қаржылық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Джон Росс қатысты. Ресей Банкінің корпоративтік басқару жөніндегі консультативтік кеңесінің мүшесі, Андрей Гайдамака, «Лукойлдың» экс-вице-президенті, Александр Агеев, Ресей ғылым академиясының Экономикалық стратегиялар институтының директоры, Юрий Тавровский, Халықтар достығы университетінің профессоры, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің профессоры Михаил Ершов қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540