Сенбі, 23 Қараша 2024
2046 9 пікір 16 Наурыз, 2022 сағат 17:32

Adal партиясы Amanat-қа қосылған

Adal саяси партиясы басқарушы Amanat-қа қосылуға шешім шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлады. 

Партияның әлеуметтік желілердегі мәлімдемесінде Adal мүшелеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс стилі ұнайтыны жазылған.

"Ол қазір әділетті мемлекет құруды көздеп отыр. Мемлекет басшысының бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауы аясында айтқан саяси реформалары соның тағы бір дәлелі. Бірақ бұл айтылған реформалар қалай жүзеге асырылады? Мәселе осында. Ол үшін бүкіл қазақ қоғамы бірігуі қажет. Президент реформаларының жергілікте жерде тиісті деңгейде іске асырылмай қалу қауіпі жоғары. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан "Достарға - бәрін, қалғанына заң бойынша" деген қағидамен келген қоғамның өткенін ұмытпауымыз керек.

Сол үшін, біз, адалдықтар Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысып, еліміздегі оң өзгеріске үлес қосқымыз келеді.

Партияластарымызбен ақылдаса келе, бүгін Adal-дың Саяси кеңесінде президенттік Amanat партиясына қосылу туралы бірауыздан шешім қабылдадық", - делінген жазбада. Айта кетейік, Adal басшысы - Серік Сұлтанғали.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520