Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2758 0 пікір 17 Наурыз, 2022 сағат 15:09

Астана: Мектептерге тұлғалардың есімі берілді

Нұр-Сұлтанның бірқатар мектептеріне Дінмұхамед Қонаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Роза Бағланова тағы басқа да белгілі тұлғалардың аты берілді. Бұл туралы Қаулы күшіне енді.

Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметі Нұр-Сұлтан қаласының келесі білім беру ұйымдарына:

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№11 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтың есімі;

2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№49 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының аты;

3) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің "№69 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышев есімі;

4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№2 Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Роза Бағланованың есімі;

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№3 Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№66 мектеп-лицейі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№77 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№83 мектеп-гимназиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімі берілсін,- делінген Қаулыда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475