Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2957 0 пікір 12 Қазан, 2012 сағат 05:01

Нұртай Сабильянов, депутат. Ақпарат құралдары заман талабына сай ма?

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен өткен   кешегі жалпы отырыста  депутат Нұртай Сабильянов  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады.

«Мемлекеттік саясатты азаматтарға түсіндіру үшін, қоғамның дамуы мен қауіпсіздігі үшін ақпарат құралдары заман талабына сай болуы тиіс. Бұл бағытта еліміздің ақпарат кеңістігіндегі «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы мен «Хабар» агенттігінің әлеуеті жоғары. Олар мемлекеттік ақпараттық тапсырысты республикалық және жергілікті деңгейде орындайды.

Қазақстандағы барлық республикалық телеарналар қала, аудан, ауыл тұрғындарының ақпараттық және әлеуметтік сұранысын толық орындай алмайтыны белгілі. Халық, тұрғындар мемлекеттің және өздері тұратын аймақтың басты жаңалықтарына, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, мәселелерге, ел тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытады. Елімізде бұл функциялар «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телерадио корпорациясының телеарналары мен филиалдарына жүктелген.

Соңғы уақытта елімізде ақпараттық технологиялар тез дамуда, цифрлық стандарт енгізіліп жатыр. Барлық телеарналар мен облыстық филиалдар «Отау-ТВ» ұлттық спутниктік хабар тарату жүйесіне қосылуда. Осындай шешуші кезеңде «Қазақстан» телеарнасының облыстық филиалдары мен «Хабар» агенттігіне қарайтын «24kz» және «Білім» арналарының проблемаларына назар аударғымыз келеді.

Бірінші мәселе. «Қазақстан» телерадио корпорациясының жергілікті деңгейде 14 облыстық филиалы жұмыс істейді. Әр филиал тәулігіне орташа есеппен 14 сағат хабар таратады.

Ақпараттық қоғамның қатал талаптарына «Қазақстан» телеарнасының облыстық филиалдары бүгін дайын емес. Телевизиялық жабдықтар, техникалар ескірген. Қызметкерлердің жалақысы төмен. Өйткені, филиалдарға қаржы жергілікті бюджеттен ғана бөлінеді. Бюджеттік қаржы және жарнамадан түсетін қаражат олардың шығындарын жаба алмайды. Жаңаша жұмыс істеуге, шалғай елді-мекендерден ақпарат жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Екінші мәселе. Биыл ғана ашылған «Хабар» агенттігіне қарасты «24kz» пен «Білім» арналарына қоғамның ақпараттық сұранысын қанағаттандыру және білімді ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жүктелген.

Жаңадан құрылған осы екі телеарнаға 2013 жылы өз жұмысын қалыпты жалғастыру үшін 620 млн. теңге қажет екен («Білім» - 348 164 тыс. тенге, «24kz» - 274 735 тыс. тенге). Ал, «Хабар» агенттігіне бұл қаражат бөлінбеген. Ақпарат министрлігі хабар таратудың бір сағатын 375,1 мың теңге деп ұсынған. Ал, бюджеттік комиссия бұл бағаны 307,1 мың теңге деп қана белгілеген.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Мерейлі отбасы» байқауы (75 млн. теңге) мен «Болашақ бүгіннен басталады» атты қоғамдық-саяси жобаны (85 млн. теңге) ұйымдастыруға да агенттікке қосымша 160 млн. теңге бөлінбеген.

Осы айтқандарды ескере отырып,

1.     «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына оның филиалдарын дамыту үшін 2013 жылғы республикалық бюджеттен қосымша 1,5  млрд. теңге қаражат қарастыруды;

2.     «Хабар» агенттігіне жаңа телеарналарды қаржыландыру, материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 2013 жылғы республикалық бюджеттен қосымша 2,3 млрд. теңге қаражат қарастыруды сұраймыз»,- деген сауал соңына З.Я.Балиева ,      Н.С. Сабильянов М.С.Әшімбаев, Г.М.Ықсанова,Г.С. Сейтмағанбетова,Ә.Ә. Тойбаев, Н.Н. Логутов,Ү.Ө. Медеуов,С.Ө. Нұрғисаев,Р.С. Халмурадов,Г.И.Исимбаевалар қол қойған.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475