Жексенбі, 13 Қазан 2024
1919 0 пікір 24 Наурыз, 2022 сағат 14:07

Путин: Ресей газына төлемді рубльмен аламыз

“Ресей президенті Владимир Путин алдағы уақытта Ресей газына төлемді рубльмен алу керек екенін айтты",- деп жазды ТАСС агенттігі.

"Мен қысқа мерзімде төлемді аудару бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру туралы шешім қабылдадым. Дос емес елдерге табиғи газ жеткізу үшін ақы рубльмен алынады", - деді Путин.

Оның айтуынша, Ресей өз валютасынан басқа валюталардан бас тартады.

"Ресей, әрине, табиғи газды бұрын жасалған келісімшарттарда белгіленген көлемде, бағада, баға принциптеріне сәйкес жеткізуді жалғастыратынын ерекше атап өткім келеді", - деді ол.

Ресей президентінің айтуынша, "дос емес елдермен" газ келісімшарттарындағы өзгерістер төлем валюталарына ғана әсер етеді.

"Үкіметтен қолданыстағы келісімшарттарға өзгерістер енгізу бойынша" Газпромға " тиісті тапсырма беруді сұраймын. Сонымен бірге, барлық шетелдік тұтынушыларға қажетті операцияларды жасауға мүмкіндік берілуі керек", - деді Путин.

Abai.kz

0 пікір