Жұма, 20 Қараша 2026
Жаңалықтар 103 0 пікір 20 Қараша, 2026 сағат 14:48

Bloomberg: Қытайдағы кездесу нәтижесіз аяқталды...

Сурет: CBC TV-дан алынды.

Bloomberg: "Трамп, Ши және Путиннің үшжақты кездесуі нақты нәтижелерден гөрі символизмге көбірек негізделді", - дейді.

"Шенжендегі АТЭС саммиті аясында өткен АҚШ, ҚХР және РФ көшбасшыларының кездесуі нақты стратегиялық уағдаластықтарға әкелген жоқ. Айрықша символдық сипатына қарамастан, оның қорытындылары нәтижесіз болып шықты", - деп жазады Bloomberg.

Көшбасшылар БҰҰ-ны реформалауға шақырып, Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы шықты және ядролық апатқа жол бермеу қажеттігін мәлімдеді. Алайда бұл мәлімдемелер нақты міндеттемелермен бекітілген жоқ.

Тіпті жаһандық отын жеткізілімін арттыру туралы уәденің өзі энергетикалық нарықтарға айтарлықтай әсер етпеді. Кездесу үш ірі державаның ықпалы аздау елдердің мүдделерін ескерместен әлемдік мәселелерді өзара талқылауға деген ұмтылысын көрсеткені атап өтіледі.

Сонымен қатар Австралия мен Канада көшбасшылары балама тәсілді — орта және шағын мемлекеттердің егемендігін нығайтуды, серіктестікті дамытуды және өзара ынтымақтастықты қолдады.

Bloomberg бағалауынша, бұл үштікте РФ «кіші серіктес» рөлін атқарып отыр. Оның экономикасы Қытай экономикасынан 7 еседен астам кіші, ал санкциялар мен Еуропамен сауда-саттықтың қысқаруы аясында Бейжіңге тәуелділігі барған сайын артып келеді.

Abai.kz

0 пікір