Лавров: Қазақстанмен мәселені шешеміз
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Пентагон ескі кеңестік биологиялық зертханаларды жаңғыртуға инвестиция салып жатқанын айтты. Бұл туралы orda.kz. сайтына сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.
МГИМО студенттері алдында сөйлеген сөзінде Сергей Лавров Пентагонға ресми өкілдердің қолдары қойылған биологиялық зертханаларды қаржыландыру туралы анықталған фактілер ұсынған. Алайда американдық тарап барлық айыптауларды жоққа шығарғанын айтты.
«Бізге АҚШ әскерінің Украинада не істеп жатқанын жай ғана түсіндірудің орнына, бәрі өтірік деп айтып жатыр», - деді Лавров.
Ресей СІМ басшысы Қазақстан Тәжікстан мен Өзбекстаннан үлгі ала отырып, биологиялық қауіп-қатер саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды деп үміттенеді.
«Мәселе күрделі. Ал Пентагонның бұл мәселелерге қызығушылығы – бұрынғы кеңестік зертханалар, оларды модернизациялауға, онда жаңа нысандар құруға ақша салғаны өте қызық және нақтылауды қажет етеді. Бірақ біз бұл мәселелерді Қазақстанмен міндетті түрде шешіп, ҰҚШҰ-да үдерісті бастаймыз деп сенемін. Шешім принципті түрде қабылданды», - деді ол.
Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде биологиялық қару туралы конвенцияның сақталуын қадағалайтын агенттік құруды ұсынғанын атап өтті.
Abai.kz