Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1976 1 пікір 25 Наурыз, 2022 сағат 14:01

Ресей: Қазақстанмен шекарадағы шектеуді аламыз

Ресей 30 наурыздан бастап Қазақстанмен шекарасында коронавирусқа байланысты енгізген барлық шектеуді алып тастайды. Бұл жөнінде 24 наурызда Ресейдің коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Штаб өкілдерінің айтуынша, 30 наурыз түнгі сағат 00-ден бастап екі мемлекет азаматтары Ресей-Қазақстан шекарасынан еркін өте алады. Ақпаратқа қарағанда, Ресей Моңғолиямен де шекарасын қайта "ашпақ".

Ресей Қазақстанмен шекарасын 2020 жылы 30 наурызда коронавирусқа байланысты жапқан еді. Осыған дейін тек бірқатар топтар ғана шекараны кесіп өте алған. Қазірге дейін екі ел арасында әуе қатынасы ғана қалпына келген. Ал темір жол қатынасы әлі тоқтап тұр.

9 наурызда Ресей Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Армения және Иранмен коронавирусқа байланысты әуе қатынасына енгізген шектеулерін алып тастаған еді. Бұл шектеу 2020 жылдың 27 наурызында енгізілген.

Дегенмен кейінгі кезде Украинадағы соғысқа байланысты Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасы баяулаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 447
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2100
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1777
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 921