Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2537 17 пікір 25 Наурыз, 2022 сағат 14:04

Депутаттар Қапшағай атын ауыстыруды қолдады

Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың аты берілетін болды. Бұл шешімді Қапшағай қаласы мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, тиісті шешім шығарды.

Қалалық мәдениет бөлімі басшысының айтуынша, өткен аптада Қапшағай әкіміне елді мекеннің атын өзгерту жөнінде ондаған ұсыныстар түскен. Соңғы шешімді мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауы керек.

«Қапшағай қаласы еліміздің біртуар азаматы Д.Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер тұрғындар қалаға Қонаевтың есімін беруді ұсынса, мен мұны қолдаймын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса, осы бастамаларды таяу арада жүзеге асыруға болады»,- деген еді мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Жолдаудан кейін бастаманы қолдаған желі қолданушылары Еgov.press платформасына петиция жариялап, қол жинай бастады.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364