Жұма, 22 Қараша 2024
3147 8 пікір 29 Наурыз, 2022 сағат 14:59

Тілеуберді: «Савостьяновтың сөзіне нота бермейміз»

Әлгінде Мәскеу қалалық думасының депутаты, Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының мүшесі Сергей Савостьянов Қазақстан, Балтық елдері мен Молдовада да әскери операция өткізуді ұсынып: «Қазақстанды да «денацификациялау» керек», - деп сөйлегенін білесіздер.

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей депутатының соғыс тілегене сол сөздеріне қатысты пікір білдіріпті.

«Ресейлік депутат Сергей Савостьяновтың мәлімдемесіне қатысты Қазақстан Ресейге наразылық нотасын жібере ме?» деген сұраққа: «Федералдық деңгейдегі мәлімдемелерге ғана реакция білдіреміз», - деп жауап беріпті министр Тілеуберді.

«Айтылған әрбір мәлімдемелерді жеке-жеке қарастыру керек және сол деңгейде жауап беру керек. Мысалы, бұған дейін Зюгановтың айтқандарына біздің депутаттар жауап берді. Ал мына мәлімдемені Мәскеу қалалық думасының депутаты жасап отыр. Ол - федералдық деңгей емес», - дейді Мұхтар Тілеуберді.

Ресей Украинаға басқыншылық жасаған сәттен бастап, ресейлік саясаткерлердің посткеңестік елдерге қатысты күдігі мен талаптары арта түсті. Өзге елге талап қоюдан тайынбайтын басқыншылар ендігі таңда тіпті, биозертханалар атты тақырыпты қыздырып жатыр. Олар «Украина жерінен бөлек, Грузия мен Қазақстанда да АҚШ-тың биозертханалары бар», - дейді. «Оны тексеру керек, тексермесек көзін жою керек», - дегенді емін-еркін айтатын болды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Мәскеу қалалық думасының депутаты, Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының мүшесі Сергей Савостьянов Украинадағыдай, Қазақстан, Балтық елдері мен Молдовада әскери операция өткізуді ұсынған еді.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313