Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2039 11 пікір 30 Наурыз, 2022 сағат 13:40

Терістеме

Abai.kz ақпараттық порталында 9 наурыз 2022 жылы «Қамыс құрлы пана болмаған әкімдік» атты журналист Оңғар Қабденнің мақаласы жарияланды. Аталған мақалада Қызылорда облысы, Қазалы ауылындағы Венера Тайлақбаева деген кәсіпкер әйел мен Облыстық антимонополияның орынбасары Қазығұлов Еркін арасындағы даулы мәселе баяндалған еді.

Мақалада: «Қызықтың көкесі алда. Облыстық антимонополияға арыз жазады. Арызды антимонополияның орынбасары Қазығұлов Еркін қабылдап, бақылауына алады. Көп ұзамай Венераға Қожахметов Ғабит пен Олжас деген жігіт хабарласып, Болат Назарбаевтың адамдары екенін айтып, істі шешіп беретінін, бірақ 50% доляда жұмыс істейміз деген. Сөйтсе, Қожахметов Ғабит Еркінұлы антимонополияның орынбасары Қазығұлов Еркін Қожахметұлының ұлы екен!», деген жолдар бар.

Abai.kz еркін ақпарат алаңы. Мұндай ой жарыстырып, пікір таластыруға Қазақстаның кез келген азаматы құқылы. Жоғарыдағы мақала редакция ұстанымын бюілдірмейді.

Жуырда редакциямыздың электрондық поштасына Е.Қ. Қазығұловтан өкілі: Ф.Ұ.Ұзақов атынан терістеме талап ету хабарламасы келіп түсті. Аталған хабарламада Е.Қ. Қазығұловтың өкілі Ф.Ұ.Ұзақов құжаттық дәлелдемелер келтіре отырып, қарсы пікір білдірген.

«ҚР БАҚ туралы» Заңына сәйкес, біз екінші тараптың пікірін де жариялауға әрі дәлелдеме құжаттары келтірілген соң, терістеме беруге міндеттіміз. «Бұқаралық ақпарт құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес (бұдан әрі -Заң), азамат немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралдарынан осы бұқаралық ақпарат құралында таратылған, шындыққа сәйкес келмейтін және ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды талап етуге құқылы. Мұндай құқыққа азаматтың немесе заңды тұлғаның өкілдері де ие болады. Азамат немесе заңды тұлға теріске шығаруға өтініш жасаған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралында таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келетіні жөнінде дәлелдемелері болмаған осы бұқаралық ақпарат құралының редакциясы оларды сол бұқаралық ақпарат құралында теріске шығаруға міндетті.

Қарсы талап-пікір:

«Атап айтқанда, азаматша В.Тайлакбаева 02.09.2021 жылы жергілікті уақытпен 16:48-де Департамент басшысы атына жер мәселесі бойынша жазған арызы тіркеліп, сол күні, жергілікті уақыт 16:51-де, басшылық тарапынан  Маған анықтап қарап ұсыныс енгізіңіз деген бұрыштамамен орындауға түскен.

Мен, өз кезегімде аталған арызды сол күні, жергілікті уақыт 16:52-де Департаменттің тергеу бөлімінің басшысы Е.Карибаевқа арызды қарастыру және ұсыныс беру деген бұрыштамамен орындауға жолдадым.

03.09.2021 жылы Департаменттің тергеу бөлімінің басшысы Е.Карибаевпен арыз жан-жақты қарап, аталған өтініште қойылған мәселелер  Департаменттің қарауына  жатпайтын болғандықтан, Қызылорда облысының әкімдігіне жолдау туралы қатынас хат дайындап,  Департамент басшысымен қол қойылып, негізінен қарап, арыз иесіне заңмен көзделген мерзімде жауап беруге деп жолданған (Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 65-бабына сәйкес). (Департамент хаты көшірмесі қосымша тіркелді).

Яғни, аталған арыз менімен қабылдап алынбаған және бақылауымда болмаған.(ақпараттық жүйеден жасалынған скриншот қосымша тіркелді).

Сонымен қатар, азамат Аяпбергенов Райысбек Ордабаевич "Азия Қамыш" ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы, демек Ғ.Е.Қожахмет аталған серіктестіктің 50% құрылтайшысы болып танылмайды.(Дәлелдеуші құжат қосымша тіркелді)».

Abai.kz ақпараттық порталы жоғарыдағыларды негізге ала отырып, 09,03,2022 жарық көрген «Қамыс құрлы пана болмаған әкімдік» атты мақаланы терістейді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303