Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2523 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 09:30

Айтқанына көнбеген келіннің басын алды

Ауғанстанда жан түршігерлік оқиға. Егде тартқан ерлі-зайыптылар айтқандарын орындамағаны үшін жаңа түскен келіннің басын кесіп алды. Ең сорақысы, әлгі екеу марқұмды жезөкшелікке салмақ болған екен. Көнбеген соң адам жалдап, бақилық қылған.

Қанды оқиға Герат провинциясында орын алған. Құқық қорғаушылар бас күдікті ретінде 20 жасар марқұмның күйеуі мен ата-енесін тұтқындады. Сондай-ақ, Наджибулла есімді жас жігіт те қамауға алынған. Соңғысы нәпсісін қанағаттандыру үшін «жезөкше» қызметіне жүгінбек болған екен.
Қайтыс болған қыздың есімі Ма Гюль. Ол небәрі төрт-ақ ай бұрын тұрмысқа шығыпты. Алайда, үй босағасын аттай салысымен ата-енесі оның жезөкшелікпен айналысуын талап еткен.

Келіннің басын алған Наджибулла тергеу кезінде оқиғаның барлық мән-жайын айтып берді. Оның берген мәліметінше, Ма Гюльдің енесі келінін өлтіруге тапсырыс берген. Күдікті марқұмды өлтірместен бұрын айтқандарына қайта көндіріп көрмек болған екен. Алайда, қарсылыққа тап болған Наджибулла көп ойланбастан жас келінді пышақтай салған.

Дәл осындай қанды оқиға Ауғанстанда былтыр да орын алған болатын. Кәмелетке толмаған Сахар Гюль есімді жас келінді күйеуінің туыстары жезөкшелікке итермелеген. Олардың мұнысына көнбеген қызды бес ай бойы ұрып-соғып, дәретханада қамап ұстаған. Жәбірленушіні полиция қызметкерлері құтқарды.

Дереккөз: baq.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434