Сенбі, 23 Қараша 2024
2980 0 пікір 6 Сәуір, 2022 сағат 12:22

Қырғыз-Өзбек шекарасында атыс болды

Қырғыз-өзбек шекарасындағы қарулы жанжалдан екі адам мерт болды. Оқиға 5 сәуірде кешке болды, деп хабарлады Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі.

Шекарадағы атыста 37 және 31 жастағы екі адам оққа ұшқан. Мәліметтерге қарағанда, олар Өзбекстанда туған, бірақ 2012 жылы қырғыз төлқұжатын алған. Екеуінің де өзбек төлқұжаты бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, Жалал-Абад облысы Ақсый ауданына қарасты Дейрес ауылында салт атты бірнеше қырғызстандық Өзбекстан аумағына тауар өткізу мақсатында көрші елдің шекарасынан өткен. Олар өзбек шекарашыларының талаптарын орындаудан бас тартқан. Заң бұзғандарды ұстау кезінде атыс болған.

"Өзбек шекарашылары өз өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қару қолданды, екі бейбіт тұрғын мерт болды. Қалғандары Қырғызстанға қашып кетті", - деп хабарлады шекара қызметі.

Өзбек шекарашыларының мәлімдеуінше, контрабандашылар 20 мың доллардан астам тауар өткізуге талпынған.

Екі елдің шекарашылары оқиға орнында кездесіп, жағдайды талқылады. Екі жақ осы оқиға бойынша дербес зерттеу жүргізеді.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарашыларының келісуімен, оққа ұшқандардың мәйіті қырғыз жағына тапсырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377