Сенбі, 23 Қараша 2024
2907 2 пікір 7 Сәуір, 2022 сағат 14:09

Батыста тұрғын үйлер су астында қалды

Наурыздың соңында басталған су тасқынының салдарынан Қазақстанда 185 тұрғын үй, 78 саяжайды су басты. Бұған қоса, екі әлеуметтік нысанға су кірді. Арасында Батыс Қазақстан облысындағы мектеп те бар. Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин 6 сәуір күні журналистерге осылай деп мәлімдеді.

Оның мәліметіне қарағанда, ең күрделі жағдай БҚО мен Ақтөбе облысында қалыптасқан. Бір апта ішінде Қазақстан аумағында қар жамылғысы 60 пайыздан 30 пайызға қысқарған.

Ильин сонымен бірге суды бұру және тартып шығару жұмыстары аяқталғанын хабарлады. ТЖМ мәліметінше, ведомство Ақтөбе қаласындағы 15 саяжай учаскесін бақылауда ұстап отыр. БҚО аумағына құтқарушылар жіберілген. Ақмола және Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтанда да осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Қазір су қоймалары тез толып жатыр, су ресурстары комитетімен бірге су қоймаларының толымдылығы мен қар суын өзендерге жіберу мәселесін бақылаймыз. БҚО-дағы жағдай даладағы судың күрт келуімен байланысты және қандай да бір гидротехникалық жабдықтардың қызметімен байланысты емес", - деді Ильин.

Министр сонымен бірге қазір 285 елді мекенге су басу қаупі төніп тұрғанын да жеткізді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396