Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2650 6 пікір 11 Сәуір, 2022 сағат 13:23

Тоқаевтың рейтингі - 70 пайыз...

Президент Тоқаевтың рейтингі жарияланыпты. Орталық коммуникациялар қызметі жариялаған сауалнамада: «Қазақстан халқының 70 пайыздан астамы президент Тоқаевтың қызметіне оң баға берді», - деп жазылған.

Әлеуметтік сауалнама биыл наурыз айында (15-24 наурыз аралығында) өткізіліпті. Оған 1863 адам қатысқан (іріктелген). Респонденттер – 15-50 жас аралығындағы ҚР азаматтары.

Қорытынды мынадай: Респонденттердің:

- 67,4%-ы президент Тоқаевқа деген көзқарасы ол президенттікке кіріскеннен кейін ғана өзгерген.

- 42,1%-ы Тоқаев ең алдымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге назар аударуы керек деген пікір білдірген.

- 41,4%-ы жалақы, зейнетақы және жәрдемақы деңгейін көтеру мәселесін айтқан.

- 35,3%-ы Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сөз еткен.

- 26,3%-ы Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске көбірек көңіл бөлуі керектігін айтқан.

- 56,7%-ы Президент қызметінің негізінде қауіпсіздік, әлеуметтік әділеттілік (35,9%), тұрақты экономикалық даму, әрбір отбасының амандығы, қоғамдағы достық пен келісім (26-28%) мәселелері болуы тиіс деп есептейтіндіктерін білдірген.

- 71,3%-ы оптимистік пікір білдіріпті. Олар алдағы екі жылда ұлкен өзгерістер орын алатынына сенім білдірген.

Енді осы сауалнаманың мына тұсына назар аударыңыз:

Респонденттерге «Ең маңызды құндылық не?» деген сауал қойылған екен.

- 60,2%-ы қауіпсіздік,

- 34,3%-ы тәуелсіздік,

- 27,2%-ы мемлекет тарапынан көмек,

- 23,1%-ы әділдік,

- 22,5%-ы бостандық,

- 19,6%-ы тәртіп деген жауаптарды таңдаған екен.

Салыстыру үшін:

Наурыз айындағы Зеленскийдің рейтингі: 93 пайызды құрапты. Ал Владимир Путиннің наурыздағы рейтингі – 79,6 пайызды құраған. Бұл екеуінің жағдайы түсінікті. Бір жарым айдан ас уақыт болды, соғыс жүріп жатыр. Сол соғыстағы сәттіліктер мен сәтсіздіктер, екі президенттің дағдарысты кезеңде қабылдап жатқан шаралары мен шешімдері, мемлекеттік мүдде т.б. ескеріледі.

Ал біздің рейтинг 70 пайызды көрсетіпті. 2019 жылғы уы мен ушы көп сайлауда президент Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинап, мемлекет тізгінін қолына алған еді. Одан бері тұп-тура 3 жыл. Жыл басындағы «Қаңтар оқиғасы», одан кейінгі ауыс-түйістер мен жасалған өткір мәлімдемелер, бірнеше лауазымды тұлғалардың тұтқындалуы, экс-президенттің айналасындағы шенді-шекпендінің қызметтерден қуылып, экс-президенттің өзіне қатысты да сыни пікірлердің айтылуы, Жолдаудағы айтылған мәселелер т.б. сөзсіз рейтингке әсер ететіні түсінікті. Сондықтан «Қаңтар оқиғасынан» кейін рейтингтің өсуі болжамды мәселе. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435