Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2716 0 пікір 22 Шілде, 2009 сағат 04:58

Серік ӘБІЛХАН. Митинг мереке емес

Шілденің 19 күні Алматыда ұйғыр диаспорасының өкілдері наразылық акциясын өткізді. Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағында болған қанды қырғынның себеп-салдарын жан-жақты, әрі әділетті жолмен тексеруді Қытай билігінен талап еткен олар  аталған  шараны анау-мынау алаңда емес, әншілер мен әкімдердің «өнерін» тамашалайтын әйгілі Республика сарайында ұйымдастырды.

Қалалық басшылықтың берген рұқсаты бойынша алғашқыда бейбіт митинг әдеттегідей көпшіліктің «көз айымына» айналған Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы (Алматы қаласы) Сарыарқа кинотеатрының артындағы алаңқайда өтеді деп жоспарланған. Алайда, жергілікті билік адамдары соңғы сәтте шұғыл шешім қабылдап, жиынды Республика сарайына ауыстырды. Акцияға қатысуға 8 мыңға жуық ұйғыр ұлтының өкілдері келді. Тіпті, адам қарасының көптігі соншалық кешіккендер сарайға сыймай далада қалды. Аттан салып айқайлап жүретін Амантай қажы да көштен қалмай сол маңға барып алыпты.

Қытайдағы қақтығыста қаза тапқан қандастарын еске алу мақсатымен жиналған жамағаттың жалғыз ғана талап-тілегі бар. Ол - жаһан жұртшылығына жағасын ұстатқан қайғылы жағдайдың жай-жапсарын мұқият зерттеп жатқан Қытай үкіметінен тергеу амалдарын объективті түрде жүргізуді сұрау.

«Өткізіліп жатқан бұл шараның негізгі мақсаты қоғамның көңілін бұру. Алыс-жақын шетелдердің назарын Шынжанда болған жағдайға аудару. Бүгінгі күні қытайлық биліктің қақтығысқа қатысушыларға қарсы қолданып отырған жазалау шараларының негізсіз екендігін айту. Әділеттілікті талап ету», - деп түсіндіреді аты-жөнін атамауды өтінген ұйғыр азаматы.

Мұның да өз себебі бар. Қазіргі Қытай басшылығы таратқан ресми мәліметтерге жүгінсек, қақтығыстан 150-дей адам көз жұмып, 1700-ге жуығы әртүрлі жарақаттар алған көрінеді. Дей тұрғанмен Дүниежүзілік ұйғырлар конгресінің бұл турасындағы дерегі басқа көрсеткіштерді алға тартады, олардың есебінше, қаза тапқандар саны 800 адамнан асып жығылған. Міне, осындай сәйкессіздіктер біздің елдегі ұйғыр диаспорасының тергеу жұмыстарымен айналысып жатқан Қытай билігіне деген сенімсіздіктің туындауына әкеліп соқтырған. Оның үстіне бүлік шығарушы ұйғырларды аямай жазалайтындығын жария еткен аспан асты елінің билеушісі Худ Цзин Таоның кесімді сөзі де қауіп бұлтының қоюлана түскендігін аңғартты.

«Мінберге шығып сөз сөйлеген адамдардың бәрі өзектерін өртеп бара жатқан мұң-зарын ақтарып салды. Олардың дүниежүзілік қауымдастық алдында қарапайым ғана өтініші бар: Үрімжідегі қанды қырғынның салдарын жан-жақты тергеу, соның ішінде қақтығысты шығарушылардың кім екендігін анықтау. Біз де қытайлық биліктен толқуға қатысқан ұйғырларға қарсы қуғын-сүргін жасамауды сұраймыз. Бұған қоса бізге телінген «ұйғыр лаңкестері» деген жаман атты алып тастауын сұраймыз», - дейді Қазақстандағы ұйғыр республикалық мәдени орталығының басқарма төрағасы Ахметжан Шардинов мырза.

Митинг шамамен бір жарым сағатқа созылды. Қатысушылар арасында ешқандай шектен шығып  заң бұзу  әркеттері  байқалмады. Тек залға жиналғандардың бәрі жабылып қытайлық шеннеуніктердің ұйғыр ұлтына көрсетіп жатқан қысымын, қатаң жазасын сынға алды. БҰҰ мен халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарын араша түсуге шақырған белсенділер қолдарына «Шығыс Түркістанның» ұлттық туын желбіретіп ұстап алыпты. Сөйтіп,  ұйғыр диаспорасының өкілдері өздерінің айтар ойларын «Сарыарқаның» алақандай алаңын місе тұтпай зәулім сарайдың залында жеткізді.  Осы арада айта кетерлігі дәл бүгінгі күнге дейін оппозиция мен қазақ тілінің жанашырларына жергілікті билік мұндай мырзалық таныта қоймаған еді.  Алайда, Республика сарайы наразылық жиын өткізетін емес, әйгілі өнер ордасы. Шамасы, толерантылықтың тамаша үлгісін көрсетеміз деп жүріп Алматы әкімшілігі митинг пен мерекені шатастырып алса керек.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377