Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3437 0 пікір 24 Қазан, 2012 сағат 01:42

Оңтүстік Қазақстан облысында 50 көпір мен жол өтпелері салынады

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өтетін  учаскесін  қайта салуды жобалау барысында жол бойына жақын орналасқан елді мекендердің көптігіне баса назар аударылды. Осы елді мекендерге көлік қатынасына кедергі келтірмеу мақсатында жобалаушылар 50 көпір мен жол өтпелерін салуды қарастырды. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Көлік және коммуникация министрлігі, Автокөлік жолдары комитеті облыстық департаментінің директоры Арман Қайырбеков атап өткендей, қазіргі уақытта 30 көпір мен 13 жол өтпелерін  тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, Түркістан қаласының маңындағы 12 аралықтан тұратын жол өтпесіне баса назар аударған жөн. Оның құрылысымен  «Дена Рахсаз» компаниясы  айналысуда. Бұл жол өтпесі тарихи-мәдени ескерткіштердің орталығы саналатын Түркістан қаласы арқылы өтетін жүк транзиті  көліктерінің ағынын азайтуға мүмкіндік береді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329